Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2021651
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түркия өз мақсаттарына қарай нық қадамдар басуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған жаһандық экономика мен аймақтағы түрлі мәселелерге қарамастан Түркияның алға қойған мақсаттарына нық қадамдар жасап жатқанын мәлімдеді. Ердоған «Түркия ғасырлар бойы алғаш рет жаһандық жүйенің жоғарғы лигасына көтерілу мүмкіндігіне ие болды» деді.

Хүррийет газеті «Ердоған тағы бір рет қадам басуға дайындалуда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ресей-Украина соғысы 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып жатқанда, әлем күткен жаңалық Ресейден келді. Ресейлік БАҚ президент Режеп Тайып Ердоғанның бейбітшілік үшін тағы бір рет қадам басуға дайындалып жатқанын жазды.

Йени Шафак газеті «Грек ақпарат құралдары: Түркия батыстың Африкадағы тағын шайқауда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Анкараның Африкада артып отырған ықпалы Грекияда күн тәртібіне айналды. Түркияның құрлық елдерімен жақсы қарым-қатынастар дамытқанына назар аударған грек баспасөзі дамып келе жатқан Түркия-Африка қарым-қатынасының батыстың Африкадағы гегемониясын әлсіреткенін жазады.

Стар газеті «Еуроодақ (ЕО) пен Түркия арасында маңызды кездесу» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сауда министрі Өмер Болат Еурокомиссияның сауда жөніндегі вице-президенті Валдис Домбровскиспен онлайн режимінде өте жағымды әңгіме жүргізгенін атап «Кездесу барысында Түркия мен ЕО арасында жаңа кезеңде сауда және экономикалық қарым-қатынастарын дамыту үшін ортақ жол картасында келістік» деді.

Ватан газеті «Әлемдегі табысы ең жоғары биржа нарығы - Borsa İstanbul» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Borsa Istanbul» соңғы бір аптада 4,72 пайыз, соңғы бір айда 23,26 пайыз және соңғы 3 айда 65 пайыз кіріспен әлемнің ең табысты нарығы болды. «Borsa Istanbu» сондай-ақ соңғы 6 айда 48 пайызбен екінші, соңғы 1 жылда 171,7 пайызбен үшінші орында болды.



Ұқсас жаңалықтар