Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2021130
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия Швецияны қатаң түрде айыптады» деген хабарға орын берген. Әділет және даму партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик: «Террор ұйымы PKK/YPG жақтастарының Швецияның астанасы Стокгольмде Түркия Республикасы мен президентіміз Режеп Тайып Ердоғанды ​​нысанаға алған арандатушылық әрекетін және Швеция билігінің бұл әрекетте ұстанған көзқарасын қатаң түрде айыптаймыз» деді. Челик Швеция үкіметінің PKK террор ұйымы және оның тармақтарының әрекеттеріне тосқауыл қою аясында мойындаған міндеттемелерін еске салды.

Хүрриет газеті «ЕО-дан Түркияға визаны жеңілдету туралы мәлімдеме» атты хабар жариялаған. Еуроодақтың жоғарғы лауазым иесі «Түркияның визаны жеңілдету мәселесі күзде талқыланады. Түркия үміткер ел және ортақ мүдделі көптеген салаларда негізгі серіктес болуды жалғастыруда» деді.

Сабах газеті «DW-дің жай-жапсары шешілді» деген хабарға орын берген. Германияда орналасқан «Deutsche Welle» (DW) хабар тарату компаниясының Мугла-Миластағы жылу электр станциялары арқылы қалыптастырған түсініктің жай-жапсары шешілді. DW неміс үкіметінің көмір электр станцияларын пайдалануға беруін оқырмандарына «Ресей табиғи газына балама» ретінде ұсынса, Миластағы станциялары болса «халық денсаулығына қауіп төндірді» деп түсіндірді.

Хабер Түрік газеті  «Автокөлік экспорты шілдеде 33 пайыз өсті» атты хабар жариялаған. Түрік автомобиль өнеркәсібі шілде айында 33,2 пайыздық өсіммен 2,7 миллиард долларлық экспортты жүзеге асырды. Қаңтар-шілде кезеңіндегі сектордың экспорты 16 пайыз артып, 20,1 миллиард долларға жетті.

Йени Шафак газеті «Мете Газоз әлем чемпионы атанды» деген хабарға орын берген. Германияда ұйымдастырылған садақ атудан әлем чемпионаты аяқталды. Ұлттық садақшы Мете Газоз ерлер арасындағы классикалық садақ финалында канадалық Эрик Петерсті 6-4 есебімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар