Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2020196
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Жаңа қолбасшылар тағайындалды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған Жоғарғы Әскери Кеңестің шешімдерін бекітті. 2-армия қолбасшысы генерал Метин Гүрак Бас штаб төрағасыы болып тағайындалды. Құрлық күштері қолбасшылығына генерал Селчук Байрактароғлу, Әуе күштері қолбасшылығына генерал Зия Джемал Кадыоғлу тағайындалды.

Хүрриет газеті «Экспортта шілде айындағы рекорд» деген хабарға орын берген. Түркияның экспорты шілде айында 8,4 пайыз артып, 20 миллиард 93 миллион долларға жетті. Осылайша тарихтағы ең жоғары шілде айы экспорт деңгейіне қол жеткізілді.

Ватан газеті  «Орталық банктің жалпы резерві өсті» деген хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Түркия Республикасының Орталық банкі апталық ақша және банк статистикасын жариялады. Осыған сәйкес Орталық банктің жалпы резерві 28 шілдеде аяқталған аптада 223 миллион доллар артып, 113 миллиард 774 миллион долларға жетті.

Йени Шафак газеті «Еуропа зәйтүн майы дағдарысын бастан кешіп жатқанда, Түркия рекордтық өндіріске қол жеткізді» деген тақырып қолданған. «Еуропада климаттың өзгеруі мен жоғары температураның теріс әсерлеріне байланысты зәйтүн және зәйтүн майы өндірісінде құлдырау байқалса, Түркия жаңа маусымды қабылдаған шаралары және қорындағы өнімдерімен рекордтармен қарсы алуға дайындалуда” деп айтылған хабарда.

Стар газеті «Ұлыбритания Түркиямен келіссөздерді бастайды» деген хабарға орын берген. Ұлыбританияның Түркиядағы өкілетті  елшісі Джилл Моррис Түркия мен Ұлыбританияның алдағы айларда жаңартылған еркін сауда келісімі  үшін келіссөз бастайтынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар