Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2019757
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Екі лидер Путиннің Түркияға сапары туралы келісімге келді. Ердоған «Бейбітшілік көпірі» деген Қаратеңіз бастамасының ұзақ уақытқа жарамсыз болуының ешкімнің мүддесі емес екенін атап көрсеттің.

Хүррийет газеті «АҚШ баспасөзі жазды: Жаңа әлем құрылуда» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда АҚШ-тың ең ірі хабар тарату мекемелерінің бірі «CNBC» қыркүйек айында Ресей мен Украина арасындағы тұтқын алмасуының арғы жағында батыстан гөрі Президент Ердоған мен ССауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Мұхаммед ибн-Селманның бар екенін атап, бұл жағдайдың жаңа бір әлемнің белгісін көрсететінін жазды.

Ватан газеті «Диснейдің «Ататүрік» сериалына қатысты жанжалды шешіміне наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары және партияның баспасөз хатшысы Өмер Челик АҚШ-тағы телехикая/фильм платформасы Диснейдің «Ататүрік» сериясын эфирден алып тастауына наразылық көрсетті. Челик «Бұл батыс демократиясындағы дағдарысқа байланысты жағдай» деді.

Йени Шафак газеті «Стамбул әуежайына «Global Traveler» журналынан 2 сыйлық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы орталығы АҚШ-тағы «Global Traveler» саяхат журналы тарапынан «Үздік трансфер әуежайы» және «Әлемнің үздік отбасыға қолайлы халықаралық әуежайы» сыйлығымен екінші рет марапатталды. Стамбул әуежайы халықаралық авиациялық рейтинг агенттігінің «Skytrax» тарапынан «Әлемнің үздік әуежайы» және «Әлемнің үздік отбасыға қолайлы халықаралық әуежайы» болып таңдалды, сонымен қатар «Оңтүстік Еуропаның үздік әуежайы» болып жарияланды.

Сабах газеті « депутат: Неліктен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы тәуелсіз мемлекет болмауы керек?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританиядағы Демократиялық Одақ партиясының депутаты Сэмми Вилсон Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде танымауға ешқандай себеп жоқ екенін айтып, СКТР-ның мойындалуын қолдады.



Ұқсас жаңалықтар