Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2019164
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Грек журналистінен Түркия жөнінде мойындау» деген хабар жариялаған. Түркия мен Грекия арасындағы континентальды шельф мәселесі туралы айтқан грек журналисі Йоргос Папахристос шындықты мойындады. Грекияның Эгейді өз теңізіндей көретінін атап көрсеткен журналист «Эгей грек көлі емес, Түркияның осында екенін қабылдамайынша жақсы көршілік қарым-қатынаста бола алмаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Мысырмен сауда көлемін 15 миллиард долларға жеткізуді мақсат етеді» деген хабарға орын берген. Мысырдың Өнеркәсіп және сауда министрі Ахмед Самир Салехті қарсы алған Сауда министрі Өмер Болат Мысырмен өзара сауданы 5 жыл ішінде 15 миллиард долларға жеткізуді мақсат еткендерін білдірді.

Йени Шафак газеті «Түрік профессорының жаңа технологиясы қатерлі ісікке жаңа шешімдер әкеледі» деген хабарға орын берген. Германиядағы Мюнхен университетінің тіндік инженерия және регенеративті медицина институтының жетекшісі, проф. Dr. Али Ертүрктің бүкіл ағзаны мөлдір қылып көрсететін,  тіпті бір жасушаны бұрын-соңды болмаған айқындық пен егжей-тегжейлі көрсететін жаңа өнертабысы қатерлі ісік ауруын зерттеудің ең ірі мекемелерінің бірі «Cancer Research UK» тарапынан қатерлі ісік диагностикасы мен емдеуінде жаңа дәуірдің басы ретінде сипатталды.

Стар газеті «Стамбул әуежайы Еуропада жүк тасымалында бірінші болды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Стамбул әуежайының жылдың бірінші жартыжылдығында Еуропадағы ең үздік жүк тасымалына ие 10 әуежайдың арасында бірінші орын алғанын айтты.

Хүрриет газеті «Анталияға 2,6 миллион турист келді» деген тақырып қолданған.  Газеттің хабарына қарағанда, биыл 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында Анталияға әуе жолы арқылы келген турист саны 8 миллион 184 мың 89 болды. Бұл көрсеткіш туризм бойынша барлық уақыттағы ең үздік алғашқы 7 ай ретінде тіркелді.

 



Ұқсас жаңалықтар