Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2018584
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Фидан:  зиян және қауіп әкеле бастады» деген хабарға орын берген. Дания мен Швециядағы Құранға жасалған шабуылдарға қатысты Сыртқы істер министрі Хакан Фидан: «Біз екі елдің де бұл мәселенің зиян және қауіп әкеле бастағанын көреміз» деді.

Стар газеті «Фидандың Арменияға Зәңгезур жайлы мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжан-Армения аймағында бейбітшілік пен тұрақтылыққа апаратын жолдың жан-жақты бітімгершілік келісімі арқылы өтетінін, бұл үшін Зәңгезур дәлізінің ашылуының үлкен маңызды екенін айтты.

Хабер Түрік газеті «Байрактар Сауд Арабиясымен энергетикалық келісімі жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген.  Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар ​​Парсы шығанағы елдерінің Түркияға үлкен қызығушылық көрсеткенін білдіріп, «Сауд Арабиясымен энергетикалық келісімге қол қойдық. Сауд Арабиясымен маңызды энергетикалық ынтымақтастық орнатуды мақсат етіп отырмыз. Сауд Арабиясы 4-5 мың мегаватт жаңартылатын энергия жобасына қызығушылық көрсетуде » деді.

Йени Шафак газеті  «Түркия алғашқы 6 айда 22 миллион турист қабылдады» атта хабар жариялаған. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой «Түркияға келушілер саны алғашқы 6 айда 17,5 пайыз артып, 22 миллион 945 мың адамға жетті. Осылайша туризм кірісі 21 миллиард 734 миллион доллар болды» деді.

Сабах газеті  «Стамбул әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды» деген хабарға орын берген. Стамбул әуежайы 17-23 шілде аралығында күнделікті орташа 1472 рейспен Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай атанды.



Ұқсас жаңалықтар