Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер бүгінгі маңызды жаңалықтарға орын берген.

2018108
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ресей көшбасшысының «Түркия формуласы» бүкіл әлемде жаңғырды» деген хабар жариялаған. Түркияда құрылуы жоспарланған газ тарату орталығына тоқталған Ресей президенті Владимир Путин жоспардың үстел үстінде екенін айтты. Путиннің мәлімдемелері әлемдік баспасөзде кеңінен жарияланды.

Хабер Түрік газеті «Түркияның 6 айлық су өнімдері экспорты 829 миллион долларға жетті» деген тақырып қолданған. 2022 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде Түркияға 760 миллион доллар шетел валютасын әкелген су өнімдері секторы 2023 жылдың бірінші жартысында 9 пайыздық өсіммен экспортын 829 миллион долларға жеткізді.

Ватан газеті «Түркия порттары әлемде бірінші орында» деген хабарға орын берген. Әлемнің ең көне және ең беделді теңіз басылымы «Lloyd's List» дайындаған «Әлемнің ең үдік 100 порты» есебінде Түркиядан төрт порт 2022 жылы алғашқы 100 порттың қатарына енді. Амбарлы, Кожаели, Мерсин және Текирдаг порттары әлемдегі ең жақсы порттардың арасында орын алды.

Йени Шафак газеті «Анталия 8 миллионнан асқан турист санымен рекорд жасады» деген хабар жариялаған. Анталия турист саны бойынша рекорд жаңартып, биыл 8 миллион 11 мың 828 туристпен 2019 жылды артқа тастады. 2019 жылдың 29 шілдесінде олардың саны 8 миллион 4 мың 11 болғаны айтылды.

Стар газеті «Француз баспасөзі Түркия-Египет жақындасуын қадағалайды» деген тақырып қолданған. Түркия мен Мысырдың жақындасуын мұқият қадағалаған француз баспасөзі екі ел арасындағы қарым-қатынастардың Африка мен Таяу Шығыста тұрақтылық үшін күш болуы мүмкін екенін жазды. Қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Айя Бурвейла екі елдің жақындасуы Эфиопия мен Ливиядағы көптеген мәселелерді шешетінін және бұл Тунис, Судан және Чадқа оң әсер ететінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар