Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2012299
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Олар Түркияның табысына назар аударды» деген хабар жариялаған. Эгейде теңіз күштері флотының бар екенін еске салған грек газеті түрік қорғаныс өнеркәсібі дамыған сайын өздерінің дамуы керектігіне назар аударып, «Түркия адамсыз  шабуылдаушы қайықтардың жаппай өндірісі арқасында шарттарды қайта қалыптастыруда» деп жазды.

Сабах газеті "Косово «Байрактар ​​TB2-ні» қабылдап  алды" деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Косово премьер-министрі Альбин Курти Түркиядан сатып алынған «Bayraktar TB2 SİHA»-ның елге жеткенін хабарлады. Курти әлеуметтік медиа аккаунтында «Bayraktar TB2» аппараттарының фотосуретін жариялап, «Косово енді одан да қауіпсіз» деп жазды.

Хабер Түрік газеті  «Круиздік туризмдегі рекорд» деген тақырып қолданған. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу «2023 жылдың қаңтар-маусым арасындағы 6 айлық кезеңде порттарымызға келген круиздік кемелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,5 пайызға артып, 420 болды. Жолаушылар саны да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,8 пайыз артып,  482 мың 925 жолаушыға жетті» деді.

Йени Шафак газеті «Ресейге экспорт» деген хабар жариялаған. Түркия Ресейге ең көп экспорт жасаған елдер тізімінде екінші орынға көтерілді. АҚШ пен Еуропа санкция салған Ресей нарығындағы олқылықты мүмкіндікке айналдырған Түркия осы жылдың алғашқы алты айында Ресейге экспортты 88,6 пайызға арттырды. Ресейге экспорт 2 миллиард 574 миллион доллардан 4 миллиард 854 миллион долларға жетті.

Хүрриет газеті «Математика және биология олимпиадасында 10 медаль» деген тақырып қолданған. Жапонияда өткен халықаралық математика олимпиадасында түрік оқушылар 1 алтын, 5 күміс, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен халықаралық биология олимпиадасында 3 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар