Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2010740
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Одақтастарымыздың PYD/YPG-мен қарым-қатынасы альянсқа зиянын тигізеді» деген хабар жариялаған.

НАТО саммитінен кейін баспасөз мәслихатын өткізген президент Режеп Тайып Ердоған «Кейбір одақтастарымыздың PYD/YPG-мен арадағы бұрмаланған қарым-қатынасы одақтың бірлігі мен тұтастығына зиянын тигізуде. Мұның ақылға қонымды және қисынды түсіндірмесі жоқ» деді.

Хабер Түрік газеті « Ердоған: Швецияның НАТО-ға кіруін мақұлдайтын орган - Парламент» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, Президент Ердоған НАТО саммитінен кейінгі мәлімдемесінде «Бірінші дәрежелі мақұлдау органы - Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі. Біз бұл процестің тезірек аяқталуын қалаймыз» деді.

Хүрриет газеті «Байденнен Ердоғанға видео алғыс» деген тақырыппен хабар жариялаған. АҚШ президенті Джо Байден әлеуметтік желідегі парақшасында президент Ердоғанмен НАТО Лидерлер саммитінде кездесуінің суреттерін бөлісіп, «Ерлігіңіз, көшбасшылығыңыз және дипломатияңыз үшін рахмет» деді.

Сабах газеті БҰҰ-дан Түркияға алғыс туралы хабар жариялаған.  Хабарға қарағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш Түркияға Қаратеңіз астық дәлізі келісімі аясында жүргізген жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Йени Шафак газеті «Түркия мен Әзербайжанның жоғалтатын уақыты жоқ» деген хабарға орын берген. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Нуман Куртулмуш парламенттік делегациямен бірге Әзербайжанға барды. Баку кездесулері аясында президент Ильхам Әлиев және премьер-министр Али Асадовпен кездесті. Куртулмуш «Түркия ретінде жолымызды қалған жерімізден жалғастырамыз. Біздің де, Әзербайжанның  да жоғалтатын уақыты жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар