Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2010269
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған мен Байден кездесті» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байден кеше НАТО саммиті аясында 1 сағат 15 минутқа оңаша кездесу өткізді. Кездесуде Түркия мен АҚШ арасындағы саяси, экономикалық және сауда қатынастары, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері және аймақтық мәселелер талқыланды.

Стар газеті «Қайталануына ешқашан жол бермейміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Сребреница қырғынында қаза тапқандарды еске алып, «Бүгін 28 жыл бұрынғымен салыстырғанда экономикасы, дипломатиясы, мүмкіндіктері және қабілеттерімен әлдеқайда күшті және беделді бір Түркия бар. Ел ретінде біз бұл жерде көрген азаптың қайталануына ешқашан жол бермейміз» деді.

Хабер түрік газеті «Ұлттық Қорғаныс министрі Гүлер америкалық әріптесі Остинмен сөйлесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер мен АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Джеймс Остин кеше телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Швецияның НАТО-ға мүшелігі және F-16 жеткізілімі/модернизациясы талқыланды.

Сабах газеті «Министр Мехмет Шимшек мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек 26 мамыр күні 98,5 миллиард доллар болған Орталық банк резервтерінің 30 маусым күні 108,6 миллиард долларға өскенін білдірді.

Ватан газеті «Отандық әскери ұшақ «KAAN» алғашқы сынақтарын өткізе бастады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның аэроғарыш өнеркәсібі бас директорының орынбасары Өзкан Алтай өндірісі және дизайнымен «KAAN» отандық әскери ұшағының құрастыруын қысқа уақытта аяқтап, алғаш отандық сынақтарын бастағанын және «такси сынағы» операциясын жүзеге асырғанын атап көрсетті. Алтай «Біз ұшақты жыл соңында көгілдір аспанға шығаруды жоспарлап отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар