Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2007732
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоғаннан маңызды телефон әңгімесі» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Нидерланды премьер-министрі Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті. Телефонда екіжақты қарым-қатынастар, Швецияның НАТО-ға мүшелік процесі, Еуропадағы Құранға қарсы арандатушылық әрекеттер, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.

Стар газеті «Еуропада исламға қарсы шабуылдар індетке айналды» деген тақырып қолданған. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Исламға қарсы шабуылдардың Еуропада індетке айналғанын айтты. Фидан «Миллиарддаған адамның қасиетті кітабы Құранды өртеу және бұл әрекетке сөз бостандығы деген сылтаумен рұқсат беру миллиардтаған адамды ашық қорлау болып табылады» деді.

Хүрриет газеті «ЕО-дан Түркия хабарламасы» деген хабарға орын берген. Еуропа Одағының (ЕО) кеңею комиссары Оливер Вархели Еуроодақтың қазіргі қиындықтарға қарамастан Түркиямен стратегиялық қарым-қатынастарын жалғастыруды күтетінін білдіріп, «Ортақ мүдде мен тұрақтылығымыз үшін бір-бірімізге керекпіз» деді.

Сабах газеті «Катоның алты мұнай теңізі» деген тақырып қолданған. Жікшіл террор ұйымы PKK-дан тазартылған Шырнактағы Като тауындағы мұнай қорының Джуди  мен Габарға қарағанда көбірек екені болжалуда. Түрік мұнай корпорациясының (TPAO) аймақтық директоры Оғыз Шахин «Като тауының алты мұнай теңізі» деді.

Йени Шафак газеті «Испандықтар Арда Гүлер туралы айтып жатыр» деген хабарға орын берген. Испанияның Реал Мадрид клубы Фенербахченің жас футболшысы Арда Гүлдерді трансферге көндірді. Реал Мадридтің Барселонаның қолынан 18 жастағы түрік футболшысын тартып алуы испан баспасөзінің күн тәртібіне айналды.

 



Ұқсас жаңалықтар