Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2007312
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Министр Фидан Швецияға наразылық көрсетті» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Швециядағы сұмдық арандатушылыққа наразылық білдірді. Фидан Стокгольмде Құранға жасалған зұлымдық шабуылды және Түркияның ескертулеріне қарамастан осы шабуылға көз жұмуын тағы да қатаң түрде айыптағандарын баса айтты. Хакан Фидан «Швецияның қауіпсіздік жүйесінің арандатушылықты болдырмайтын құрылымда болмауы стратегия мен қауіпсіздік тұрғысынан бізді алаңдатуда» деді. Фидан Швецияның НАТО-ға мүшелігінің «ауыртпалық әкеле ме? әлде пайда әкеле ме?» деген мәселенің енді көбірек талқылауға ашық екенін айтты.

Стар газеті «Түркия мен Мысыр өзара елші тағайындайды» атты хабар жариялаған. Түркия мен Мысыр арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар елшілік деңгейіне көтерілді.Түркия мен Мысырдың ортақ мәлімдемесінде Түркияның Мысырдағы елшісі лауазымына Салих Мутлу Шенді, Мысырдың Түркиядағы елшісі қызметіне Амр Елхамамидің ұсынылғаны атап көрсетілді.

Сабах газеті «ТӘЖ Ең тұрақты ту тасымалдаушы әуе жолы жүлдесін алды» деген хабарға орын берген. Түрік Әуе Жолдары халықаралық қаржы әлемінің беделді мекемелерінің бірі "World Finance" журналының «Ең тұрақты ту тасымалдаушы әуе жолы» жүлдесіне тағы да лайық деп танылды.

Хабер Түрік газеті «2024 жылғы QS әлемдік университеттердің тізімі жарияланды » атты хабар жариялаған. Жоғары білім кеңесінің мәлімдемесіне қарағанда, «QS 2024 World University Rankings» рейтингінде әлемнің алдыңғы қатардағы 1503 университет ішінде  Түркиядан 25 университет орын  алды.

Йени Шафак газеті «“София’’ роботы Чамлыжа мұнарасында хабар таратады» деген хабарға орын берген. Адамға ең ұқсас және жасанды интеллект өнімі болып табылатын «София» роботы Стамбулдағы Чамлыжа мұнарасынан 6-7 шілде күндері Женевада өтетін радиохабарларына қатысып, радиохабарларын шығаратын әлемдегі алғашқы робот болады.



Ұқсас жаңалықтар