Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

2006189
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Баршаның назары Ердоғанға ауды» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Грекия ақпарат құралдары президент Режеп Тайып Ердоғанның қызу дипломатиялық жұмысын жіті бақылап отыр. Хабарда «ERT News» газетінің Ердоғанның 11-12 шілде күндері Литваның бас қаласы Вильнюсте өтетін НАТО саммитіне қатысатыны, Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты Парсы шығанағы елдеріне ресми сапармен баратыны, қыркүйек айында болса БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін АҚШ-қа баратыны жөнінде хабарлар орын алғаны жазылған.

Стар газеті «Түркияның наразылығы Швецияны шара іздеуге итермеледі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның НАТО мүшелігіне рұқсатын күткен Швеция үкіметі Стокгольмде Құран кітаптың өртелуінің артынан дағдарыстан шығудың жолын іздестіре бастады. Швеция Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде арандатушылық әрекетке барған кісінің шетел азаматы екеніне назар аударылып, мұндай оқиғаларға қарсы шекаралық бақылаудың күшейтілетіні атап көрсетілді. Жаңа қауіптердің алдын алу шараларының да арттырылғаны білдірілді.

Сабах газеті «Түркия ғарышта өз сөзін сөйлейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) 11 жылдан бері ұйымдастырып келе жатқан «Space Apps Challenge-Халықаралық ғарыштық қолданбалар байқауының» биыл мүдделі тараптарының бірі Түркия ғарыш агенттігі (TUA) болды. Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр «Ғарыштық технологияларға көбірек инвестиция саламыз» деді.

Хабер түрік газеті «Рекордтар жаңартылған айт мерекесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу Анталия мен Трабзон әуежайларының Құрбан айтта бүкіл замандардың рекордтын (жолаушы саны тұрғысынан) жаңартқанын хабарлады. Министр Уралоғлу «Бұл айт рекордтар жаңарған мереке болды. Жасаған қызметтеріміздің жемісін көреміз. Инвестиция мен қызметтерімізді одан әрі көбейте отырып жалғастырамыз» деді.

Йени Шафак газеті «Джилода террор жоқ, фестиваль бар» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Хаккаридің таулары PKK террор ұйымынан тазартылып, қалада тыныштық орнады. Ұлттық саябақ болып жарияланған 4 мың 135 метр биіктіктегі Джило таулары мен Сат мұздық көлдерінде қамтамасыз етілген бейбіт ортаның арқасында мәдени, өнер және спорттық іс-шаралар өтті. Биыл бесінші рет өткізілген «5-ші Cilo Fest фестиваліне» мыңдаған адам қатысты.



Ұқсас жаңалықтар