Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1988001
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Астық дәлізі келісімі тағы 2 айға созылды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған кеше астана Анкарада мәлімдеме жасап, «Еліміздің күш-жігерімен, ресейлік достарымыздың қолдауымен және украиналық достарымыздың үлесімен Қаратеңіз астық дәлізі келісімін тағы 2 жылға созу туралы шешім қабылданды» деді.

Йени Шафак газеті Чавушоғлуның «Charlie Hebdo» журналының мұқабасына берген реакциясын тақырып қылған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Францияның «Charlie Hebdo» журналының соңғы санында президент Режеп Тайып Ердоғанның нысанаға алынуына наразылық білдірді. Чавушоғлу Twitter-дегі парақшасында «Адамгершіліктен несібесін алмаған атышулы «Charlie Hebdo» түрік ұлтын қорлауды жалғастыруда. Ұмытпау керек: зұлымдықты мақтағандар әрқашан өздерінің өшпенділігіне батады» деп жазды.

Ватан газеті  министр Небатидің «Жұмыссыздық 2018 жылдан бері алғаш рет бір таңбалы санға төмендеді» деген сөздеріне орын берген.  «Жұмыссыздық деңгейі 9,9 пайызға дейін төмендеді, 2018 жылдың бірінші тоқсанынан бері алғаш рет бір таңбалы санға дейін азайды» деді Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати.

Хабер Түрік газеті «Жастар Түркия халқының 15,2 пайызын құрайды» деген хабар жариялаған. Түркия Статистика институтының «Статистикада жастар 2022» зерттеуіне қарағанда Түркиядағы халықтың 15,2 пайызы 15-24 жас аралығындағы жастардан тұрады.

Сабах газеті «480 жолаушысы бар круиздік кеме Мармариске келіп тоқтады» деген хабар жариялаған. Багама жалауын желбіреткен «Seabourn Encore» круиздік кемесі Мугланың Мармарис ауданында келді. Мармарис круиз портына тоқтаған 210 метрлік Багам жалауы бар кемеде көбісі АҚШ және Ұлыбритания азаматтары барлығы 480 жолаушы мен 460 экипаж мүшесі бар.



Ұқсас жаңалықтар