Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1987557
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Әлемнің көзі Түркияда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның 13-ші президентінің кім болатынын анықтау үшін сайлаушылар 28 мамыр күні тағы сандыққа барып, Режеп Тайып Ердоған мен Кемал Кылычдароғлу арасында таңдау жасайды. 2023 жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі ретінде көрсетіліп жатқан сайлауды жақын қадағалаған көптеген халықаралық телеарна мен газет жаңалықтарды оқырман және көрермендеріне дәл кезінде жеткізуде.

Стар газеті «Әлемнің күн тәртібі – Түркия» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда 14 мамыр күні өткен Президенттік және парламент сайлауының жаңғырықтары бүкіл әлемде жалғасуда. «Вашингтон Пост» газеті «Түркиядағы сайлаудың екінші турына өткенде Ердоғанның артықшылығы бар» деген тақырыпты хабарын жариялады. Financial Times газеті болса «Ердоған басымдықты қолда ұстайды» деп жазды. Неміс Spiegel журналы «Сауалнамалар дұрыс шықпады. Ердоған ең жақсы нәтижеге қол жеткізді» деп тақырып қойды.

Хабер түрік газеті «Жоғары сайлау кеңесінің шетелде дауыс беру туралы шешімі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жоғарғы сайлау кеңесі 28 мамыр күні Түркияда өтетін президенттік сайлаудың екінші туры үшін АҚШ, Канада, Австралия, Ирландия және Англияда 2 күн болатын дауыс беру мерзімін 4 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады. Сайлаушылар аталған елдерде 20-24 мамыр күндері аралығында дауыс бере алады.

Йени Шафак газеті «Ердоған: Соңғы террорист жойылғанша тоқтамаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоған әлеуметтік желідегі аккаунтынан жариялаған көңіл айту хабарламасында Шырнақтың Бестлер-Дерелер аймағында PKK-ға қарсы операция кезінде шыққан қақтығыста шейіт болған 3 әскерге Алланың рақымы мен жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Ердоған «Бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның шекарамыздың ішінде және сыртындағы тармақтарымен күресімізді табанды түрде жалғастырамыз және соңғы террорист жойылғанша тоқтамаймыз» деді.

Сабах газеті «Чанаккаледе жоғалған шейіттердің қабірлері табылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «Чанаккале Онсекіз Март университеті» (ЧOMУ) Ататүрік пен Чанаккале соғыстарын зерттеу орталығы директоры доктор Барыш Борлат және әскери тарих маманы Өмер Арслан 1000 дана мұрағаттық құжатты талдап, 108 жылдан кейін «Джонкбайыры» шайқасында жоғалған шейіттер жатқан қабірлерін анықтады. Арслан «Біз бұл жерде көптеген шейіттеріміздің бас сүйектері мен сүйек сынықтарын және зират түріндегі үйілген тастарын байқадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар