Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1986622
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия өз таңдауын жасады» деген хабарға орын берген. 14 мамыр Президенттік және 28-ші кезең парламенттік сайлауда дауыстың  негізінен барлығы  саналды. Бейресми нәтижелерге қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоғанның дауысы 49,35 пайыз, Кемал Кылычдароғлұның дауысы 45,00, Синан Оганның дауысы 5,22 пайыз болды.

Йени Шафак газеті  «Джумхур альянсы жеңді» атты хабар жариялаған. Бейресми нәтижелерге қарағанда, 14 мамырда өткен парламенттік сайлауда « Джумхур альянсы» 49,35 пайызбен тарихи жетістікке жетті. Джумхур альянсы 600 орындықққа ие Парламентке 322 депутат жібермек. Республикалық халық партиясы,  Жақсы партия, Дева, Болашақ, Саадет және Демократиялық партиясынан құралған  Миллет  альянсы 212 депутатты сайлай алды.

Сабах газеті  «Джумхур альянсының жеңісі» деген хабарға орын берген. 14 мамырда өткен жалпы сайлауда жәшіктер айтарлықтай дәрежеде анық болды. Джумхур альянсының президенттікке кандидаты Режеп Тайып Ердоған 7 партиядан тұратын Миллет  альянсы кандидаты Кемал Кылычдароғлудан шамамен 5 пайызға озды. Джумхур альянсының  парламентте көпшілік дауысқа ие болды. Осы нәтижелерден кейін Әділет және даму партиясы мен Джумхур альянсы  сайлаушылары үлкен ынта-жігерге ие болды. Көшелерде мерекелік шаралар өтті.

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Сайлау жәшігіне өз таңдауын салған азаматтарыма алғыс айтамын» атты хабар жариялаған.Президент Режеп Тайып Ердоған сайлау жарысында алда екендерін айтты.Президент Ердоған өзі басқаратын Әділет және даму партиясында президенттік және 28-ші кезекті  парламенттік сайлауында дауыстарды санау процесі негізінен аяқталған сағаттарда мәлімдеме жасады. Ердоған «Еліміз тағы бір демократиялық мерекені үлкен ынтамен аяқтады. Әлі қорытындыланбаған нәтижелер бойынша біз алда келеміз. Өз елінің болашағы үшін сайлауға рекордтық көрсеткішпен қатысқан азаматтарға алғыс айтамын. Жеңіске жететін еліміз бен ұлтымыз екені сөзсіз» деді.

Ватан газеті « Әлиев президент Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады» деген хабарға орын берген. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоған мен Джумхур альянсын  Президенттік және 28-ші кезекті парламенттік сайлауында көпшілік дауысқа ие болғанымен құттықтады.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Ердоғанға телефон шалып , құттықтауын жеткізді. Әңгіме барысында басшылар екі ел арасындағы достық пен бауырластық қарым-қатынастың мәңгілік әрі мызғымас екенін тағы бір мәрте атап өтті. Ердоған да Әлиевке көңіл бөлгені және  құттықтаулары үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар