Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1984719
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Келіссөздерге жасауға дайынбыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Судан Егемендік кеңесі төрағасы Абдулфеттах Абдуррахман әл-Бурханмен  телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Судандағы түрік азаматтарының эвакуациялануы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер де талқыланды. Ердоған Суданда жан-жақты келіссөздерді бастауға шешім қабылданса, келіссөздерді қабылдауға дайын екендіктерін атап өтті.

Стар газеті «Түркия Израильдың шабуылын қатал түрде айыптады» атты хабар жариялаған.  Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде «Біз Израиль күштерінің бүгін (9 мамыр) Газада жасаған шабуылдарын айыптаймыз. Бұл шабуылда  әйелдер мен балалар қаза тапты. Мұндай зұлым әрекеттерді ешбір жағдайда қабылдауға болмайды» делінді.

Хабер Түрік газеті «Астық дәлізі қайтадан іске қосылды» деген хабарға орын берген. Ресей жаңа келетін кемелерді тіркеуден бас тартып, Қаратеңіздегі астық дәлізі туралы келісімді тоқтатқаны жарияланды. Ұлттық қорғаныс министрлігі ақпарат көздері Түркияның бастамалары нәтижесінде астық дәлізінің қайта іске қосылғанын хабарлады.

Сабах газеті «Акар: Габарда енді террористер жоқ, Габарда мұнай бар, байлық бар» атты хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар террормен күресте табыстардың маңызды екенін білдіріп «Габарда енді террористер жоқ, Габарда мұнай бар, байлық бар» деп көрсетті» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті «Түркия жер сілкінісінің зардаптарын 20 минутта анықтайды» деген хабарға орын берген. Басқарылатын «Otağ» барлау ұшағы ықтимал жер сілкіністерінен кейін аймақтағы ұшуымен 20 минут ішінде қай аймақтың қирағанын және жолдар мен көпірлердің зақымдалғанын анықтай алады.



Ұқсас жаңалықтар