Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1984316
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті  «“First Post” Ердоған жайлы керемет талдау жасады» деген хабарға орын берген. Орталығы Үндістанда  болған «First Post» ақпарат сайты президент Режеп Тайып Ердоғанның аймақтық және жаһандық мәселелердегі рөлін талқылады. Ердоғанның астық дағдарысын шешудегі рөліне назар аударған газет «Ердоған Украинаның астық экспортын қайта бастау туралы келісімге араағайындық жасағаны үшін халықаралық алғысқа ие болды» деп жазды.

Хүрриет газеті «Ердоған: мұнай табысымен отбасы және жастар банкін құрамыз» атты хабар жариялады. Президент Ердоған Түркияның кірісінің  инфрақұрылымдық инвестицияға жұмсағанын айтты. Түркияның заманауи әлемде жоғарғы деңгейге жеткенін баяндаған Ердоған Габардан тапқан мұнайдан түскен табыспен отбасы және жастар банкін құратындарын айтты.

Сабах газеті «Қаратеңізден жаңа табиғи газ жайлы сүйінші хабар келуі мүмкін» деген хабарға орын берген. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның көмірсутегі барлау және зерттеуде осындай үлкен флотқа ие әлемдегі сирек елдердің бірі екенін түсіндірді. Дөнмез Түркияның Қаратеңізде жаңа табиғи газ қорын таба алатынын білдірді.

Стар газеті «Әйгілі экономика профессоры түрік экономика үлгісін мақтады» атты хабар жариялаған. Жаһандық экономикада Ковид-19 індетінен кейін қалпына келуге қарамастан жоғары инфляция қаупінің жалғасып жатқанын білдірген Жапониядағы Кобе университетінің экономика профессоры Чарльз Юджи Хориока «Түрік экономика өсуінің әлемге жақсы үлгі болғанын ойлаймын» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак «Элазыгда 3 миллион жылдық каньон табылды» деген хабарға орын берген. Элазыгда  табиғатты сүйетін бір топ мұғалім спутниктік суреттерді зерттей отырып, кездейсоқ 3 миллион жылдық шатқал тауып алды. 



Ұқсас жаңалықтар