Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1974362
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті  «Ердоғанның сөздері әлемнің күн тәртібінде» деген хабарға орын берген. 14 мамырда өтетін Президент және Парламент сайлауы әлемнің күн тәртібінен түспейді. Президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған Әділет және даму  партияның сайлау манифесі әлем баспасөзінде басты тақырыпқа айналды. «Bloomberg»   Ердоғанның сайлаудан кейінгі кезеңге қатысты анықтамалар бергенін жазса, «BBC» Ердоғанның жаңа уәделер бергенін жазды.

Стар газеті ««Британдық БАҚ: Түркия әлемде жаңалық жаратты» атты хабар жариялаған. Әлемдегі алғашқы қарулы ұшқышсыз әуе көлігі (SİHA) кемесі «TCG Anadolu» ағылшын баспасөзінде кең көлемді орын алды. Ағылшын баспасөзі ««Түркия теңіз соғысы тарихына жаңа концепция енгізуге дайындалуда» деді.

Ватан «TOGG Түрік әлемінің орталығында » деген хабарға орын берген. Алғаш рет президент Режеп Тайып Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоғанға тапсырылған Түркияның тұңғыш электр көлігі TOGG  Әзербайжаннан кейін енді түрік әлемінің орталығы Өзбекстанға жетті.

Йени Шафак газеті «Рокетсан соңғы үлгідегі өнімдерімен Бразилияда» атты хабар жариялаған. Рокетсан Латын Америкасы аймағындағы қорғаныс және қауіпсіздік өнеркәсібінің маңызды іс-шаралардың бірі «LAAD» қорғаныс және қауіпсіздік жәрмеңкесіне қатысуда.

Хүрриет газеті «Ерсой: Түркия әлемде ең көп турист күтіп алған үшінші ел» деген хабарға орын берген. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның әлемдегі ең көп турист қабылдаған 3-ші ел болғанын айтты. Стамбул Түйап жәрмеңке және конгресс орталығында «26-шы Халықаралық Шығыс Жерорта теңізі туризм жәрмеңкесінің» (EMITT) ашылуына қатысқан Ерсой 2022 жылы 42 миллион турист және 35 миллиард доллар кіріс көздегендерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар