Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1886743
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған Путинмен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Ресей президенті Путиннен келіссөздерге тағы бір мүмкіндік беруін сұраған президент Ердоған бұл үдерісте жеңілдетуші рөл атқаруға дайын екендіктерін атап көрсетті.

Сабах газеті «Министр Чавушоғлу Грекияға ескерту жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияның арандатушылықтарына байланысты мәлімдеме жасады. Министр Чавушоғлу «Грекия аралдарды қаруландыратын болса, онда қажетті қадамдарды жасаймыз» деді.

Хабер Түрік газеті «Түрік Қарулы Күштері 140 шақырым тереңдікке операция жасады» атты хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар кеше жасаған мәлімдемесінде «Түрік Қарулы Күштері 27 қыркүйекте 140 шақырымға кіріп, Ирактың солтүстігіндегі Асоста террористтердің 16 үңгіріне, баспанасына және командалық пункті деп аталатын жерлерге соққы берді» деп көрсетті.

Хүрриет газеті «Зеленский Ердоғанға алғыс айтты» деген хабар жариялаған. Украина президенті Владимир Зеленский кеше президент Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Зеленский  Украинаның территория тұтастығы мен егемендігіне берген қолдауына орай Ердоғанға алғыс айтты.  

Стар газеті «Bayraktar  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттары Еуропа нарығына кіруде» атты хабарға орын берген. Албания премьер-министрі Эди Рама елінің Түркиядан сатып алуға келіскен «Bayraktar»  қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының жақын арада іске қосылатынын мәлімдеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар