Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1883666
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның соңғы хабарламалар» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарына сапарының соңғы күні Нью-Йорктегі «Түркеви» ғимаратында журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды. Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының Түркия айтқан тұғырға келе бастағанын білдірді. Ресей-Украина соғысының аяқталуы үшін баршаның жауапкершілік алуы керек екенін білдірген Ердоған Путиннің ядролық соғыс туралы айтқандары үшін болса одан көбірек шығынға ұшырату жөніндегі ұстанымынан бас тарту керектігін түсіндірді.

Хүррийет газеті «Нью-Йорк Таймс газеті президент Ердоғанның дипломатиялық табысын жоғары бағалады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттарында шығатын «New York Times» газеті президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей-Украина дағдарысындағы рөлін жоғары бағалады. Ердоғанның соғыс бойынша Ресей президенті Владимир Путинмен жақын қарым-қатынасын сақтап, соғыстың жаһандық салдарын азайтуға тырысқаны баса айтылды.

Йени Шафак газеті «БҰҰ Түркияға «соғыс тұтқынымен алмасу» үшін алғыс айтты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерреш Түркияға Ресей мен Украина арасындағы 200-ден астам әскери тұтқынның алмасуындағы рөлі үшін алғыс айтты.

Cтар газеті «Түркиямен Ұлттық жауынгерлік ұшақ серіктестігі: Біз мақтан тұтамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық жауынгерлік ұшақ жобасы үшін Түркия-Rolls Royce серіктестігі туралы мәлімдеме жасаған Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли «Түркия НАТО елі, ал "Rolls Royce" британдық компаниясы және біз мұны мақтан тұтамыз. Дүние жүзіндегі достарымыздың да осындай ұлы компаниялармен жұмыс істейтінін көргеніміз үшін қуаныштымын» деді.

Ватан газеті «Тұтынушы сенім индексі 72,4 құрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Статистикалық мекемесі және Түркия Республикасы Орталық Банккімен бірлесіп жүргізілген тұтынушылық тенденция сауалнамасы нәтижелерінен шығарылған маусымдық түзетілген тұтынушылық сенім индексі қыркүйек айында өткен айға қарағанда 0,3 пайыз өсті. Тамыз айында 72,2 болған индекс қыркүйекте 72,4-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар