Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1883168
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоғанның бастамасымен Ресей мен Украина арасында тұтқын алмасу болды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскиймен жүргізілген дипломатиялық бастамалар нәтижесінде 200 әскери тұтқынның алмасылғанын жариялады.

Стар газеті «БҰҰ-на таңба қалдырған сөздер: Түркия алғысқа лайық» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Германия канцлері Олаф Шольц Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 77-ші Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде Түркияға мақтау айтты. Шульц, «Түркияның арағайындығы арқылы астық экспортының қайта іске қосылуы үлкен алғысқа лайық» деді.

Хүррийет газеті «Эмине Ердоған: Асхана – мәдени мұраның ең маңызды элементтерінің бірі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында түрік тағамдары танытылған гастрономия бағдарламасында «Асхана – мәдени мұраның маңызды элементтерінің бірі» деді.

Сабах газеті «Дайын киім-кешек пен тігін өнеркәсібінде 14,2 миллиард долларлық экспорт» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда дайын киім және тігін өнеркәсібі жылдың 8 айында 14 миллиард 248 миллион долларлық экспортпен қаңтар-тамыз айындағы ең жоғары экспортқа қол жеткізді. Аталмыш кезеңде сала Германияға 2,5 миллиард доллар, Испанияға 1,8 миллиард доллар және Ұлыбританияға 1,4 миллиард долларлық экспорт жүзеге асырды.

Хабертүрік газеті ««Коста Венеция» кемесімен Бодрумға мың 502 жолаушы келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Италия жалауы бар «Коста Венеция» круиздік кемесі кеше Муғланың Бодрум ауданына мың 502 турист әкелді. Кедендік процедуралардан кейін жолаушылар кемеден түсіп, Бодрумға экскурсияға шығып, тарихи орындарды аралады.



Ұқсас жаңалықтар