Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1882648
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған БҰҰ-нда әлемге үн қатты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ-ның 77-ші Бас Ассамблеясында қатысушыларға үн қатты. Украина мен Ресейді бейбітшілікке шақырған Ердоған «Барлық елдерді Түркияның тұрақты бейбітшілік талпыныстарына шынайы қолдау көрсетуге шақырамын» деді.

Ватан газеті «Гутерреш Түркияны мақтады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антонио Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы жиналыстарының салтанатты ашылуында Түркияның қолдауымен жасалған астық келісімін жоғары бағалап, келісімнің әлем үшін «үміт» және «ғажайып» екенін айтты.

Стар газеті «Біз сізге иммиграциялық қоймамыз ба?» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Босния және Герцеговинада өткен «Көші-қон келіссөздері бойынша 2-ші конференцияда» Еуропа сияқты Түркияның өзінің ішкі теңгерімі бар екенін еске салып «Ұлыбритания бізге ұсыныс жасады. «Ресми түрде бізде тұра алмайтындықтан бізге келген иммигранттардың біразын сізге қайтарайық» дейді. Біз сізге иммиграциялық қоймамамыз ба? Еуропаның мигранттар қоймасымыз ба? Гуманитарлық тұрғыдан біз осы уақытқа дейін барлық қадамдарды бастық» деді.

Хабертүрік газеті «Эскишехирде 4 мың 500 жылдық тарихы бар ыдыстардан ауруды басатын дәрінің қалдығы анықталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эскишехирде б.з.д. 3000 жылға жататын Анадолыдағы алғашқы қала құрылымы ашылған Küllüoba Tumulus-тегі қазба жұмыстарында 4500 жылдық ауруды басатын дәрі сақталатыны анықталған ыдыстар табылды.

Йени Шафак газеті «ТӘЖ-нан тиімді билет науқаны» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) жолаушылары Стамбулдан Балқан мен Оңтүстік Еуропаның 32 нүктесіне, 119 доллардан басталатын бағамен ұша алады.



Ұқсас жаңалықтар