Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1881603
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоғанның Нью-Йорктегі маңызды хабарламалары» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік-Америка ұлттық басқару комитетінде сөз сөйледі. Ердоған «Америкалық достарымыздан PKK-YPG және ФЕТО-ға қарсы күресімізде одақтастық рухына сай ынтымақтастықта әрекет етуді күтеміз» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Француз арнасы: Президент Ердоғанның үстемдігінің дәлелі» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Саммитіне қатысқан басшылармен кездескен кездегі көріністер әлем баспасөзінің күн тәртібіне айналды. Француз «LCI» телеарнасы Ердоғанның саммитке қатысушы басқа елдердің басшыларымен сөйлескен фотосуретіне ерекше назар аударды. Телеарна бағдарламасына қатысқан мамандар лидердердің президент Ердоғанның сөздерін мұқиятты түрде тыңдаған көріністер жайлы жорамал жасап, «Бұл Ердоғанның үстемдігінің дәлелі» деді.

Хүрриет газеті «Патшайым үшін   8 күнде 1,3 миллион дана гүл  жіберілді» атты хабар жариялаған. Ұлыбританияда патшайым Елизаветаның аза тұту және жерлеу бағдарламасында Анталия мен Ыспартадан  Ұлыбританияға   8 күнде 1,3 миллион дана гүл жіберілді.

Хабер Түрік газеті «Қызылалманың қозғалтқыш интеграциясының алғашқы сынағы жасалды» деген хабарға орын берген.  «Baykar»  әзірлеген Түркияның алғашқы ұшқышсыз жойғыш ұшағы Байрактар ​​Кызылелманың қозғалтқыш интеграциясының алғашқы сынағының сәтті аяқталғаны жарияланды. "Қызылалма" Жауынгерлік ұшқышсыз ұшақ жүйесіне байланысты жаңа көріністерде "Қызылалманың" жетілдірілген үлгісіне қанаттар тағылғаны көрсетілді.

Йени Шафак газеті: «Түркияның алғашқы ферробор зауытының іргетасы қаланды» атты хабар жарияланған.

Балыкесирдің Бандырма қаласында құнын екі есеге арттыратын алғашқы ферробор зауытының іргетасы қаланды. Жылдық өндірістік қуаты 800 тонна болатын және 100 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін нысанның құрылысын бастаған Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез нысанның 2023 жылдың соңында пайдалануға берілетінін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар