Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1880760
Түрік баспасөзіне шолу

Хабертүрік газеті «Ердоған Әлиевпен кездесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Ердоған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Саммитіне қатысу үшін Өзбекстанның Самарқанд қаласында екіжақты кездесулері аясында Әлиевпен кездесті. Ердоған мен Әлиевтің кездесуі баспасөзге жабық өтті.

Хүррийет газеті «Түркияның бюджеті профицит беруді жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның орталық үкіметтік бюджеті профицит беруді жалғастыруда. Бюджет тамыз айында 3 миллиард 586 миллион лира профицит берді. Жылдың 8 айлық кезеңінде де бюджет профициті 33 миллиард лирадан асты. Қазына және қаржы министрі Нуреддин Небати «Инвестиция мен өндірісті ынталандыратын экономикалық саясатымыз өсім әкеледі» деді.

Стар газеті «Түркия өсіп келе жатқан экономикасымен батысты таң қалдырады» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Президент Ердоғанның тиімді күресі мен «Түркия экономика үлгісінің» табысы батыс елдерін таң қалдырады. Британдық «Financial Times» газеті талдауында «Түркияның қазынасының толы болуы және қолма-қол ақша тапшылығының жоқтығы түсініксіз» делінді.

Ватан газеті «Әлемде бірінші болып “Marlin SİDA” Түркия тарапынан жетілдірілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемдегі алғашқы электронды соғыс мүмкіндігі бар пилотсыз су үсті көлігі Түркия тарапынан жетілдірілді. Президент аппараты жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде «Алаңда теңгерімді өзгертетін қарулы пилотсыз әуе көліктерінен (SİHA) кейін қарулы ұшқышсыз теңіз көліктерімен (SİDA) де Түркия алға шықты. «Marlin SİDA» әлемдегі алғашқы электронды соғыс мүмкіндігі бар ұшқышсыз жер үсті көлігі болды» деді. Сонымен қатар «Marlin» НАТО-да Түркияны таныстыратын алғашқы ұшқышсыз платформа болу ерекшелігіне ие.

Йени Шафак газеті «Ұшатын көліктер алғаш рет аспанда байқалды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия биыл Дүниежүзілік «AirTaxi» конгресіне қонақжайлық жасады. 13-14 қыркүйек күні өткен конгрестің артынан кеше Кожаели IT алқабында «AirTaxi» тік ұшу шоуы көрсетілді. Компаниялар қатысушыларға өздері әзірлеген жылдам дрондар мен ұшатын таксилерді таныстыру мүмкіндігі тапты.



Ұқсас жаңалықтар