Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1880314
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған: Әзербайжанның жағында екенімізді бүкіл әлем білуі керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған Арменияның Әзербайжанның жеңісімен аяқталған соғыстан кейін жасалған келісімді бұзуының қабылданбайтынын білдірді. «Бүкіл әлем әзірбайжандық бауырларымыздың жанында екенімізді білуі керек» деген Ердоған «Қарабах соғысынан кейін қол қойылған келісім шарттарын орындамаған, сонымен қатар үнемі шабуылдаушы ұстаным танытқан Армения үшін әрине мұның салдары болады» болады.

Йени Шафак газеті «Жапон газетінің назар аударарлық талдауы: Ердоғаннан басқа амалдары жоқ» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жапонияның беделді газеттерінің бірі «Sankei Shimbun» Түркияның Ресей-Украина соғысындағы делдал рөлін талдады. Президент Ердоғанның делдал рөлін бағалаған газет батыстың Түркияға арқа сүйеуден басқа амалы жоқ екеніне назар аударады.

Хүррийет газеті «Чавушоғлу: Түркияның жетістігі Грекияны жындандырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның халықаралық аренадағы көрнектілігі мен жетістіктерінің Грекияны жындандырғанын білдірді. Үздіксіз арандатушылықтың соңынан ерген Грекияның осы себепті Түркияны арандатуды қалайтынын атап көрсеткен Сыртқы істер министрі түрік ұшақтарына бағытталған грек қудалауы мен S-300 әуе қорғаныс жүйелері арқылы радарларды бұзуының осыған мысал екенін атап көрсетті.

Хабертүрік газеті «Министр Сойлу Грекия мен Еуропаға бейнекөріністен наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Эгей теңізінде өлуге қалдырылған мигранттар себепті Грекияға наразылық көрсетті. Сүлейман Сойлу Муғла жағалауында мүрдесі табылған 2 ағайындының суреттерін жариялап, «Мейірімсіздігіне нәлет. Еуропа мен Грекия бұл қырғындарға сіздер жауаптысыздар» деді.

Сабах газеті «Варанк: Түркияда үлкен әлеует бар» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркияның жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті кезінде өндірісті жалғастыру арқылы орталық елге айналғанын мәлімдеді. «Түркияның қаншалықты қауіпсіз екенін бүкіл әлемге көрсеттік» деген Варанк жаһандық брендтердің елге инвестициясын жылдамдатуды мақсат етіп отырғандарын айтты. Варанк «Түркияда үлкен әлеует бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар