Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1879799
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Министр Чавушоғлудан Әзербайжан хабарламасы» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен сөйлесті. Осыған байланысты Чавушоғлу «Армения енді арандатушылықты тоқтатуы керек, Әзербайжанмен қол жеткізген бітім аясында бейбіт келіссөздер мен ынтымақтастыққа назар аударуы қажет» деді.

Ватан газеті «Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардан Грекияға қатаң ескерту» деген хабарға орын берген. Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар «Тарихтан сабақ алыңыз» деген. Қорғаныс министрі Грекияның соңғы кезде артқан арандатушылықтары жөнінде «Тариъхтан сабақ алыңыз. Жаңа қақтығыстар бастамаңыз. Кейбірі сіздің құлағыңызға сыбырлауы мүмкін. Бұлардың іске аспайтынын тарихта көрдіңіздер. Қайталамаңыздар. Ақылды болыңыз» деді.

Стар газеті  «Түркиямен жұмысты жалғастырамыз» деген хабар жариялаған.

Жерорта теңізінде НАТО-ның 12 елінің қатысуымен «Динамикалық теңізші-көк кит 22» жаттығуы орындалуда. НАТО мәлімдемесінде: «Біз Түркиямен және басқа одақтастармен, серіктестермен агрессияны болдырмау және альянсты қорғау үшін тығыз жұмыс істеуді жалғастырамыз» деп айтылды.

Йени Шафак газеті  Стамбул әуежайы туралы хабарға орын берген.

Еуропалық әуежайлар кеңесі (ACI Europe) 2022 жылғы 05-11 қыркүйек аралығындағы деректерді жариялады. Сәйкесінше Стамбул әуежайы 5-11 қыркүйек аралығында 1351 рейспен Еуропаның ең көп жұмыс істеген әуежайы атанды.

Сабах газеті «Рыза Каяалп 5-ші рет әлем чемпионы» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Сербияның астанасы Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында түрік балуан Рыза Каяалп ирандық Амин Мирзазадені жеңіп, 5-ші рет әлем чемпионы атанды.



Ұқсас жаңалықтар