Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1879239
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған: Біз болашағымызды өз тарихымен мақтанатын жастарға сеніп бергіміз келеді» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Стамбулда 2022-2023 жаңа оқу жылының ашылу бағдарламасында сөз сөйледі. Білім берудегі басымдықтарынан ешқашан кері шегінбейтіндерін және жыл сайын бюджеттің ең үлкен бөлігін білімге бөлетіндерін айтқан Ердоған «Біз санасы бос, бос жүрген жастарды емес, өнегелі жастарды қалаймыз. Біз өз болашағымызды халқына, тарихына өшпенділікпен қарайтын емес, өз тарихын мақтан тұтатын жастарға сеніп тапсырғымыз келеді» деді.

Хабер Түрік газеті «Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияға ескерту жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Грекияның соңғы күндердегі ұстанымы жайлы «Грек әлі тыныш тұрмай, жалғасты бүлік шығаруда. Егер сіз кемсітіп орынсыз қадам бассаңыз, онда оның зардаптарын шегесіз. Бұл Грекияға ескерту» деп көрсетті.

Сабах газеті «Министр Акар «Пенче-Килит» жайлы мәлімдеме жасады» деген хабар жариялаған. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың солтүстігінде ұйымдастырылған «Пенче-Килит» операциясында осы таңға дейін 371 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.

Йени Шафак газеті «Қорғаныс өнеркәсібінің экспорты рекордтық көрсеткішке жетті» атты хабарға орын берген. Қорғаныс және авиация секторы 2022 жылы рекордтық деңгейге жету белгілерін көрсетуде. Жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жалпы сектор экспорты өткен жылмен салыстырғанда 42,2 пайыз артып, 2 миллиард 636 миллион долларға жетті.

Стар газеті «Шілде айындағы жұмыссыздық көрсеткіштері жарияланды» деген хабар орын берген. Түркиядағы жұмыссыздық деңгейі шілде айында өткен айға қарағанда 0,3 ұпайға дейін азайып,  10,1 пайыз болды.



Ұқсас жаңалықтар