Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1878699
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шарифпен телефон арқылы сөйлесті» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме баарсында Ердоған Пәкістанның су тасқынымен күресін мұқият қадағалап отырғанын және Түркия ретінде қажетті қолдауды көрсету үшін жұмылдырылғандарын айтты.

Сабах газеті «Мицотакис: Ердоғанмен кездесуді асыға күтудемін» атты хабар жариялаған. Бозжаададағы кемеде грек оқтары атылғаннан және НАТО миссиясын орындаған түрік F-16 ұшақтарында радар құлпы ашылғаннан кейін Түркия мен Грекия арасындағы шиеленіс одан сайын арта түсті. Алдыңғы күні сөйлеген сөздерімен шиеленісті ұлғайтқан Грекия премьер-министрі Кирякос Мицотакис жылдамдықпен кері қадам басты. Мицотакис президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуге дайын екенін білдірді.

Ватан газеті «Жақында Қаратеңіз газы үйлерде қолданылады» деген хабар жарияған. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қаратеңізде табылған 540 миллиард текше метр табиғи газды үйлерге жеткізуді мақсат ететіндерін айтты. Дөнмез «Қазіргі уақытта теңізде де, құрлықта да операциялар бірқалыпты жүріп жатыр. Алла бұйырса келесі жылы Түркия Қаратеңіз газымен кездеседі деп үміттенеміз» деді. 

Стар газеті «Тәжікстан Түркия тәжірибесінен пайдаланғысы келеді» атты хабарға орын берген. Тәжікстан өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир Түркиямен «өзара пайда» қарым-қатынасы негізінде инвестиция салуды қалайтындарын білдіріп, еліндегі мүмкіндіктердің түрік инвесторлары үшін ашық екенін атап өтті. Кабир «Түркияның көптеген саладағы, әсіресе экономикалық саладағы тәжірибесінен пайдаланғымыз келеді» деді.

Хабер Түрік газеті «Патшайым Елизабетаның жерлеу рәсімі үшін Түркиядан 1,5 миллион дана гүл жіберілді» деген хабар жариялаған. Ұлыбританияда патшайым Елизаветаның аза тұту және жерлеу бағдарламасында Анталия мен Ыспартадан гүлге деген сұраныс 90 пайыз артты. Жерлеуге кем дегенде 1,5 миллион гүл жөнелтілді. Гүл секторында күнделікті жұмыс уақыты 2 сағатқа, жұмысшылар саны 50 пайызға ұлғайтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар