Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1877900
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президент Ердоған: Путин дұрыс айтады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Хорватияда жасаған мәлімдемесінде астық жөнелтіліміне қатысты «(Ресей президенті Владимир) Путин бір нәрсені дұрыс айтты. Астық тасымалдаудағы дәнді дақылдар кедей елдерге емес, бай елдерге кетті. Санкция салған елдерге астықтың баруы Путин мазасыз етті. Бұл мәселелерді Самарқандта талқылаймыз. Біздің үмітіміз астық жөнелтуі Ресейден басталсын» деп көрсетті.

Стар газеті «Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның «Ұйғыр» рапортына қатысты мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы елші Танжу Билгич Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесіндеғі құқықтарының жағдайы туралы баяндамасына қатысты «Бұл аймақта тұратын ұйғыр түріктері мен басқа да азсанды мұсылмандарға  қатысты елімізде және халықаралық қоғамда айтылған алаңдаушылықты растайды» деген сөздер қолданды.

Хабер Түрік газеті «Түркияның Ресейге экспорты артты» деген хабар жариялаған. Түркияның Ресейге экспорты тамыз айында 738 миллион 527 мың доллармен рекордтық көрсеткішке жетті. Түркияның Ресейге экспорты осы кезеңде өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 87,2 пайыз артты. Түркияның экспортындағы Ресейдің үлесі 3,5 пайыз болды.

Хүрриет газеті «Түрік Әуе Жолдары тамыз айында 7,8 миллион жолаушы тасымалдады» атты хабар жариялаған. Түрік Әуе Жолдары тамыз айында 7,8 миллион жолаушы тасымалдады. 2022 жылдың тамыз айының соңында әуе компаниясының флотандағы ұшақтардың саны 387 болды.

Йени Шафак газеті «Обама Эмми сыйлығын алған туындының постерінде түрік қолтаңбасы бар» деген хабарға орын берген. АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің бірі Барак Обама Эмми сыйлығында «Үздік баяндауыш» жүлдесіне ие болған туындының постерін Голливудта агенттігі бар түрік дизайнер Али Айдын дайындады.



Ұқсас жаңалықтар