Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1877371
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған: Ресей елемей қарайтын ел емес» деді» деген хабар жариялаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған сербиялық әріптесі Александр Вучичпен өткізген баспасөз мәслихатында Ресейдің елемей қарайтын ел емес екенін білдіріп, «Ресейді кемсітетіндерге айтамын, сіз қателесесіз. Ресей елемей қарайтын ел емес. Не болды? Ресей қазір табиғи газды тоқтатып тастады, Еуропада баға кенеттен көтерілді. Қазір бәрі қыстан қалай шығамыз деп ойлануда. Сіз бұл туралы алдын ала ойлауыңыз керек еді. Оған барлығы шабуыл жасағанда Ресей әрине қолындағы барлық мүмкіндіктерін пайдаланады» деді.

Стар газеті «Вучич: Келесі жылы Түркиядан сатып аламыз» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Сербия президенті Вучич президент Ердоғанмен қорғаныс өнеркәсібі туралы пікір алмасқандарын білдіріп, «Келесі жылы Түркиядан ұшқышсыз әуе аппараттарын сатып алу үшін бір қадам жасаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Путин: Түркия делдал болмағанда, астық мұқтаждарға жетпес еді» деген тақырыпты бір хабарға орын берген. Хабарға қарағанда, Ресей президенті Владимир Путин Түркияның арағайындық әрекеттерінің арқасында іске асқан астық дәлізіне қатысты мәлімдемесінде Түркия арашашы болмағанда, бұл астықтың мұқтаж елдерге емес, Еуропа елдеріне жететінін айтты.

Сабах газеті «Еуропада хаос, түрік әуежайларында жайлылық бар» деген хабарға орын берген. ТР Көлік және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу індет кезінде авиация саласына берілген қолдаудың жемісін көргендерін білдіріп, «Еуропада хаос, Түркия әуежайларында жайлылық бар» деген сөздер қолданды.

Хүрриет газеті  «2023 жылы Түркияға туристер ағыны болады» деп хабарлаған. Түркия - климатымен, табиғи сұлулығымен және теңіз туризмімен шетелдіктер жиі келетін орындардың бірі. Шетелдік туристердің өз бағыттарды белгілеу кезінде көп қолданатын елдердің бірі Түркияға 2023 жылы  50 миллион турист келеді деп болжалып отыр.  



Ұқсас жаңалықтар