Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1868367
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «29 қазан күні Түркияның автокөлік зауыты ресми түрде ашылады» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған өзі басқаратын Әділет және даму партиясының 21 жылдық мерекелік бағдарламасында сөз сөйледі. Ол Түркияның отандық автокөлігі TOOG-тың дайын екенін айтып, «29 қазан күні Түркияның автокөлік зауытын ресми түрде ашамыз.  2023 жылдың алғашқы тоқсанында автокөлігіміз жолда болады» деді.

Стар газеті «АҚШ-тан Түркияға F-16 шақыруы» атты хабарға орын берген. Түркиядан әскери бір делегация F-16 әскери ұшағын алу және модернизациясы процесіне байланысты кездесулер өткізу мақсатында АҚШ-ға кетті.  Ұлттық Қорғаныс министрлігі делегацияның АҚШ-тың шақыруымен кеткенін білдірді.

Йени Шафак газеті «Француз баспасөзінде күн тәртібінде – Түркия мен оның әскери дрондары» деген хабарға орын берген. Түріктің отандық қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарын әлем елдері талқылауды жалғастыруда.  Енді француз баспасөзі «Bayraktar TB2” және «Қызылелманы» тақырып қылып алды. TB2 Украина үшін «мықты одақтас» деп аталып,  түріктің ұшқышсыз дрондарының әлемде табысқа қол жеткізгені білдірілді.

Хүрриет газеті «БҰҰ-дан түрік туризміне қолдау» деген хабар жариялаған.  БҰҰ Әлемдік Туризм ұйымының бас хатшысы Зураб Пололикашвили Түркия туралы «Түркия  - алдынғы қатарды туризм орталықтарының бірі. Одан да көп турист тарту үшін қажетті кәсіпқой адам көзі мен туризм аймақтары әлеуеті жоғары» деді.

Хабер Түрік газеті Стамбул әуежайы туралы хабарға орын беррген. Хабарға қарағанда, Стамбул әуежайы 8-14 тамыз күндерінде Еуропадағы ең тығыз жұмыс істейтін әуежайлар арасында бір күндік орташа 1332 рейспен бірінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар