Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1867002
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше сөйлеген сөзінде «Түркияның электр өндіру әлеуетіне жылына 1,9 миллиард киловатт/сағатқа жуық үлес қосатын ең ірі бөгет Юсуфелі аяқталып қалды» деді.

Стар газеті Гватемала Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Гватемала Сыртқы істер министрі Флорес Түркияның Ресей-Украина соғысындағы роліне тоқталып, «Түрік дипломатиясының осында ойнаған роліне қайранмын.  Өте маңызды келісімді қамдады және әлемге үміт сыйлады» деді.

Хүрриет газеті «Министр Дөнмезден табиғи газ мәлімдемесі» деген хабар жариялаған. Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше Қаратеңіз газымен байланысты «Наурыз айында өз газымызды қолданамыз» деді.

Ватан газеті Қатынас министрінің сөздеріне орын берген.  ТР Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Стамбул әуежайының Еуропа әуежайларын артта қалдырып,  бірінші орын алғанын білдірді. «Стамбул әуежайы секілді мега инвестициялар мен қабылданған шаралар арқасында багаж, кептеліс және рейстерде кешігу мен қиыншылықтар болмайды» деді ол.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдары шілде айында 7,8 миллион жолаушы тасымалдады» деген хабар жариялаған.  Түрік Әуе жолдары THY шілде айында ішкі және сыртқы желілерде 7,8 миллион жолаушы тасымалдады. Жолаушы толылық көрсеткіші шілде айында 86,1 пайыз болды.



Ұқсас жаңалықтар