Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1865953
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Абдулхамит Хан» кемесінің міндет атқаратын жері белгілі болды» деген хабар жариялаған.  «Абдулхамит Хан» бұрғылау кемесі Мерсин Ташужу портынан міндетіне жолданды.  Президент Режеп Тайып Ердоған бұрғылау кемесінің міндет орнының Анталияның Газипаша ауданының 55 км қашықтығындағы «Йөрүклер-1» құдығы екенін білдірді. Ердоған «Йөрүклер-1 құдығы» Жерорта теңізінің шығысындағы ауқымды іс жоспарымыздың бірінші қадамы» деді.

Сабах газеті «Түркия жаңа NAVTEX жариялады» деген хабарға орын берген.  «Абдулхамит Хан» бұрғылау кемесінің жұмыс істейтін алаңы үшін жаңа NAVTEX жарияланды.  Хабарландыруға қарағанда кеменің міндеті 7 қазан күніне дейін жалғасады.  «Абдулхамит Хан» кемесі үш кемемен бірге жұмысын «Йөрүклер-1» құдығында атқарады.

Хүрриет газеті «Түркияның бұрғылау кемесінен әлемде тек бес дана бар» деген хабарға орын берген. Әлемде тек бес дана ғана бар, ал Түркияның төртінші бұрғылау кемесі «Абдулхамит Хан» кемесі кеше президент Ердоғанның қатысуымен ұйымдастырылған рәсімнен кейін міндет атқаратын жеріне аттанды.  Кеменің ұзындығы 238 метр, ені 42 метр. Биіктігі болса 112 метр. Кеменің экипажы – 200 адам. 12200 метрге дейін бұрғылау қабілетіне ие.

Йени Шафак газеті «Ислам әлемі Конияда табысты» деген хабарға орын берген.  Түркияның ұйымдастыруымен Конияда өтетін V Ислами Ұйымшылдық ойындары президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен ресми түрде ашылды. «Бірлік-күш» деген ұранмен басталған жарыс 18 тамыз күніне дейін жалғасады.  Жарыста 56 елден 4200 спортшы бақ сынайды.

Ватан газеті «Түрік ғалымдары жетілдірді,  әлем үшін үміт болды» деген хабар жариялаған.  Түрік ғалымдар тарапынан жетілдірілген, салқын, құрғақшылық және ауруларға төзімді, өнім сапасы өте жоғары бидайда алғашқы астық жинау Сиваста жүзеге асты.  Жаңа бидай түрінің әрі Түркияның, әрі әлемнің азық-түлік дағдарысына үміт екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар