Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1865448
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Президент Ердоған: Нәрестелерді өлтірудің ешбір сылтауы болмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған кеше 13-ші Елшілер конференциясында жасаған баяндамасында «Әл-Ақса мешіті біздің қызыл сызығымыз. Балаларды, бесіктегі сәбилерді өлтірудің ешбір сылтауы болмайды. Түркия газалық бауырларының жанында» деді.

Сабах газеті «Чавушоғлу: Израильдің шабуылдарын айыптаймыз» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше 13-ші Елшілер конференциясында «Израильдің әл-Ақса мешітіне басып кіру әрекеті ешқашан қабылданбайды. Израильді қатты айыптаймыз және кеше түнде жарияланған атысты тоқтатудың тұрақты болуын қалаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Песков: Ердоған келіссөздерде үлкен рөл атқарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинамен келіссөздерге қатысты «Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған шынымен де келіссөздердің бірнеше турын ұйымдастыруда үлкен рөл атқарды» деді.

Ватан газеті «TOGG-да алғаш батарея өндірілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда 29 қазан күні өндірілетіні жарияланған Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобының "TOGG" электрлі автокөлігінде жұмыс толық қарқынмен жалғасуда. Соңғы рет Гебзедегі Батарея жетілдіру орталығында алғашқы Прототипті электр батареясының өндірілгені және сынақтан сәтті өткені жарияланды.

Стар газеті «Байқарға сюрприз бір елден ұсыныс» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия шығарған әсіресе шекарадан тыс операцияларда қол жеткізген жетістіктерімен бүкіл әлемді өзіне қызықтырған «Байрактар TB2» пилотсыз әуе көліктеріне жаңа бір ел үміткер болды. «Сауд Арабиясы Королі Абдулазиз» атындағы ғылым және технологиялық корпорациясы Сауд Арабиясында жергілікті болып әртүрлі пилотсыз әуе көлігін дамыту үшін түрік «Baykar Technology» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар