Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1864960
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті Сыртқы істер министрлігінің наразылығын тақырып қылған.  ТР Сыртқы істер министрлігі 5 тамыз күні Израильдің Газаға бағытталған, көптеген адамның қаза табуына жол ашқан шабуылдарын айыптады. Министрлік сонымен бірге Израиль депутаты Итамар Бен-Гвир мен фанатик еврей топтар тарапынан Ақса мешітіне жасалған басқын мен мешітке ғибадат мақсатты кіруге рұқсат берілмегенін айыптады. Министрлік Израиль үкіметін қасиетті мекендердің мәртебесін қорғауға шақырды.

Стар газеті «Түркияға ризамын» деген хабар жариялаған.  Украина Инфрақұрылым министрі Александр Кубраков ақпан айында басталған соғыстың басынан бері бірінші рет астық тиеу үшін  Черноморск портына бір кеме келгенін хабарлады.  Министр «Осыған дәнекер болған БҰҰ мен Түркиядағы әріптестеріме ризамын» деді.

Хүрриет газеті ұлттық әскери жүйеге орын берген.  Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир Қорғаныс Технологиялары инженерлік компаниясы тарапынан отандық мүмкіндіктермен жетілдірілген мини бақылаушы ұшқышсыз әуе аппараттары жүйесі «TOGAN-ның» алғашқы жеткізілімінің жүзеге асырылғанын хабарлады. «TOGAN» барлау, бақылау және ақпарат жинау істерінде қолданылады.

Хабер Түрік газеті «Германияға экспортта рекорд» деген тақырып қолданған.  Түркияның Германияға экспорты 11 миллиард 121 миллион долларды құрады.  Бұл қаңтар-шілде айларындағы ең жоғары көрсеткіш.

Ватан газеті «Бос жастық та қалмады» деген хабар жариялаған.  Туризм саласы өкілдері 7 миллион шетелдік турист күткен Анталиядағы қонақүйлердің тамыз және қыркүйек айының ортасына дейін толы екенін, кей қонақүйлерде бос жастық та қалмағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар