Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1863426
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Сыртқы істер министрі Чавушоғлу ресейлік әріптесі Лавровпен кездесті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездескенін білдіріп, «Атысты тоқтатуға қатысты үмітімізді білдірдік. Аймағымыз және әлемнің тыныштығы үшін талпынысымызды жалғастырамыз» деді.

Ватан газеті «АҚШ-тан Түркияға «дәнді дақыл» алғысы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келісім аясында дәнді дақыл тиелген «Разони» атты кеменің ілгерілеуін қуана қабылдағандарын және Түркияға күш-жігері үшін алғысын білдірді.

Сабах газеті «Экспортта жаңа рекорд» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Сауда министрі Мехмет Муш «Шілде айында экспортымыз өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 13,4 пайыз артып, 18,6 миллиард долларға жетті. Бұл шілде айындағы ең жоғары экспорт көрсеткіші» деді.

Стар газеті «Қызметке дайын: Түркия үшін мұнай мен табиғи газ іздейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия мұнай және табиғи газ іздеу жұмыстарын бәсеңдетпей жалғастыруда. «Абдулхамид Хан» бұрғылау кемесі 9 тамыз күні алғашқы қызметін жоспарланған рәсіммен бастайды.

Хүррийет газеті «Кушадасына 3 круиз кемесімен барлығы 8 мың 270 шетелдік турист келді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда кеше 8 мың 270 турист Айдынның Кушадасы ауданындағы Эгей портына Багама тулы «Odyssey Of The Seas» (Теңіздердің Одиссеясы), Италия тулы «Costa Venezzia» (Коста Венеция) және Панама тулы «MSC Armonia» атты 3 алып круиздік кемемен келді.



Ұқсас жаңалықтар