Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1848529
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Вице-президент Фуат Октай: Түркияның Алжирдегі инвестициясы 5 миллиард долларға жетті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Вице-президент Фуат Октай 19-шы Жерорта теңізі ойындарының ашылу бағдарламасына қатысу үшін барған Алжирде түрік жұмысшыларымен бас қосып, «Түркияның Алжирдегі инвестициясы 5 миллиард долларға жетті» деді.

Хүррийет газеті «Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир «Отандық сүңгуір қайық жобасында тарихи қадам» деп мәлімдеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент аппаратының жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы Исмаил Демир «Ұлттық сүңгуір қайық жобамызда тарихи қадам. Түрік инженерлері толығымен ұлттық ресурстармен жобалаған «STM500» отандық сүңгуір қайығының өндіріс жұмыстарын төзімділік сынағымен бастаймыз» деді.

Стар газеті «Түркиядан маңызды қадам» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда авиация саласы үшін маңызды технологиялық бір жетістікке қол жеткізілді. Түркияда отандық әуе көліктерінің «құс соғу сынақтары» Түркияда өтеді. Осылайша отандық технологияның арқасында отандық әскери ұшақтары "Хүржет" пен "Гөкбей" сияқты жобаларды сынақтан өткізу үшін шетелге баруға қажет қалмады.

Йени Шафак газеті «TOGG цифрлық бір өнімді шығарады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Автокөлік кәсіпорындар тобы "TOGG"тың директоры Гюрджан Каракаш автомобильден бұрын басқа технологиялық өнімді нарыққа шығаратындары туралы хабарлармен байланысты Togg-тің негізгі қызметі ұтқырлық болып табылатын технологиялық компания ретінде құрылғанын атап, «Бұл тақырып бойынша ақпарат беруге әлі ерте, бірақ сізге алғашқы ақылды құрылғымыз C сегментіндегі SUV-ды (Sport utility vehicle) нарыққа шығарар алдында ұялы түрде қызмет ететін цифрлық бір өніммен жұмыс істеп жатқанымызды айта аламын» деді.

Хабер түрік газеті «Түрежи мен Шахин «Адамзатқа үздік қызмет» сыйлығымен марапатталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда  "Вехби Коч" қорының «Адамзатқа үздік қызмет» сыйлығының алғашқы жеңімпаздары Ковид-19 індеті кезінде жетілдіргендері вакцина арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған BioNTech компаниясының негізін қалаушы, профессор Өзлем Түрежи мен профессор Угур Шахин болды.



Ұқсас жаңалықтар