Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1838266
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Швеция мен Финляндияға НАТО ветосы» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Президент Режеп Тайып Ердоған төрағалық жасаған Әділет және даму партиясының Қызылжахамам жиналысының жабылуында сөйлеген сөзінде Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтінішіне қатысты «Біз үміттеріміз орындалмайынша, НАТО-ның кеңеюі жөніндегі ұстанымымызды өзгертпейміз» деді.

Хабер түрік газеті «Алтун: Терроризм сияқты бір мәселені талқылау мүмкін емес» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Швецияның белгілі Dagens Nyheter газетіне жасаған мәлімдемесінде Швецияның НАТО-ға мүшелік өтініші туралы «Терроризм сияқты бір мәселенің келіссөзі немесе саудаласуы мүмкін емес. Әрі қарай не болатыны Швеция үкіметіне байланысты. Біз Швецияның ішкі істеріне араласпаймыз» деді.

Йени шафак газеті «Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі мен Израильдің жаттығуына наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі Израильдің Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігімен Жерорта теңізінде өткізген «Agapinor 2022» әскери жаттығуына қатысты мәлімдемесінде Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің аймақты тұрақсыздандыру есебінен ұйымдастырған жаттығуының «арамдықтың айқын дәлелі» деді.

Сабах газеті «Дүниежүзілік сауда ұйымында алғаш рет ‘Turkey’ орнына ‘Türkiye’ қолданылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы шетел тілдерде «Turkey» деп қолданылатын елдің атауын «Türkiye» ретінде өзгерткеннен кейін Швейцарияның Женева қаласындағы Дүниежүзілік сауда ұйымында ел атауы алғаш рет «Türkiye» болып қолданылды.

Стар газеті «Қырғызстаннан Даламан әуежайына тікелей рейстер басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Муғланың Даламан әуежайына Қырғызстаннан тікелей рейстер басталды. Қырғызстанның Бішкек және Ош қалаларынан алғашқы рейс басталғанда аптасына 2-ден ұшатын рейс саны алдағы күндері 4-ке жетеді.

алдағы күндері 4-ке жетеді.



Ұқсас жаңалықтар