Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1837227
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Түркия ғарыш жарысында алдыңғы қатарда болады» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған лицей оқушыларына үн қатып «Сүйікті жастар ғарыш жарысына қатысамыз. Түркия ғарыш жарысында алдыңғы қатарда орын алады» деп көрсетті.

Стар газеті «Түркия АҚШ-тың Сирия тұғырына қарсы шықты» атты хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі орынбасары елші Седат Өнал Америка Құрама Штаттарының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилдпен кездестті. Өнал кездесуде «Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG/PYD тек Сирияның территория тұтастығына ғана емес, Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне де зиян тигізуде» деді. Өнал Түркияның террор ұйымына қарсы күресінің жалғасатынын баяндады.

Хүриет газеті «Столтенберг: Түркияның көзқарастарына көңіл бөлуіміз керек» атты хабарға орын берген. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның террорлық ұйымға қолдау бергендеріне орай Швеция және Финляндияның НАТО мүшелігіне қарсы шыққанын, бұл тақырыпты АҚШ президенті Джо Байденге жеткізгенін айтты. Джо Байденмен кездескеннен кейін мәлімдеме жасаған Столтенберг «Бір НАТО одақтасы болған Түркия кейбір алаңдаушылығын айтқан кезде, біз НАТО ішінде сөйлесіп бір ортақ жол табуымыз керек» деді.

Йени Шафак газеті «Малайзия: Шекара қауіпсіздігі тақырыбында Түркиядан көп нәрсе үйренеміз» деген хабар жариялаған. Малайзия Ішкі істер министрі Хамза Зайнудин «Түркияның шекара басқару тәжірибесінен шабыт алып, өз бақылау орталығымызды құрғымыз келеді. Өйткені Түркия шекарасындағы маңызды базаларды көрдік» деген сөздер қолданды.

Ватан газеті «Turkish Cargo ең тез үлкейген әуе жүк тасымалдау маркасы болды» атты хабарға орын берген. Түрік әуе жолдарының әуе жүк тасымалдау маркасы болған «Turkish Cargo» «Stat Trade Times» журналы тарапынан ұйымдастырылған рәсімде 2022 жылының ең тез үлкейген халықаралық жүк әуе жолы жүлдесін алды.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар