Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1836530
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: Жаңа бір сатыға өтеміз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда  Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядағы әскери операциямен байланысты «Оңтүстік шекарамыздың бойында 30 шақырым тереңдікте қауіпсіз бір аймақ құру шешіміміздің жаңа сатысына өту процесін бастадық. Тель-Рыфат пен Манбиджді террордан тазартамыз. Одан кейін сатылы түрде басқа аймақтарда да осылай істейміз» деді. 

Йени шафак газеті «Global Times: Финляндия мен Швецияға тосқауыл қою Түркияның ерекше рөлін көрсетеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Пекинде шығатын «Global Times» газеті Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігіне Түркияның қарсылығы туралы Түркияның талаптары орындалмаған жерде батыстың өтініштерінің әділетсіз екенін жазды. Түркияның жаһандық қауіпсіздіктегі ерекше рөліне назар аударылды. 

Хабер түрік газеті «Швеция премьер-министрі Андерссон: Түркиямен келіссөз жалғасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон өз елінің НАТО-ға мүшелігіне қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемесінде «Түркиямен келіссөздер жалғасуда. Түркияның талаптарына тікелей жауап қайтарамыз, түсінбеушіліктерді жоямыз» деді. 

Стар газеті «АҚШ-тың «The Defense Post»: Түрік пилотсыз әуе көлігі «SİHA» 2 мың шақырым ұшып рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда қысқаша «SİHA» деп аталатын түрік қарулы пилотсыз әуе көлігі «Байрактар Акынджының» Текирдағдың Чорлу ауданынан көтеріліп, Грузия арқылы Әзербайжанның бас қаласы Бакудегі TEKNOFEST-ке 2 мың шақырымдық рекорд ұшуы АҚШ-та үлкен жаңғырық туғызды. АҚШ-тың «The Defense Post» газеті оқырмандарына мұның рекордтық көрсеткіш екенін жариялап, «Акынджының» жоғары технологиялық жабдығы мен миссия қабілеттерін мақтады. 

Сабах газеті «Түрік әуе жолдары Оңтүстік Суданның бас қаласы Джубаны ұшу бағытына қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең көп еліне ұшатын авиациялық компаниясы Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) ұшу желісін кеңейтуді жалғастыруда. ТӘЖ Оңтүстік Суданның бас қаласы Джубаға бастаған рейсімен ұшатын ел санын 129-ға, баратын жер санын 338-ге жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар