Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1835930
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылу талабына байланысты «Барша Түркияның уайымдарын шешу керек деп ойлайды» деді.  Ол «Террорлық ұйымдар сол елдерде ашық жұмыс істеп отыр,  терроризмге қолдауды тоқтату керек» деді.

Йени Шафак газеті «Шекарамызды қорғау үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз» деген хабарға орын берген.  Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Сирияның солтүстігіне жүзеге асырылатын жаңа әскери операцияға байланысты «Өз шекара қауіпсіздігімізді қорғау үшін қадам басу – Түркияның ең заңды құқығы.  Бұл үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз» деді.

Сабах газеті де Сирияға операция хабарына орын берген.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирия территориясына жасалатын операция туралы нақты мәлімет берді.  Ол Түрік Қарулы күштерінің барлық міндетке дайын екенін айтты, террористердің Сирияның солтүстігіндегі болмысының еш қабылданбайтынын білдірді.

Хүрриет газеті экономика хабарына орын берген. Түркия экономикасы мықты өсім бағытын жалғастырып келеді.  Түркия Статистика мекемесінің деректеріне қарағанда Түркия жылдың алғашқы тоқсанында 7,3 пайыз өсті.

Стар газеті волейболдан хабар жариялаған.  Волейболдан әйелдер құрама командасы FIVB Волейбол Ұлттар лигасының алғашқы аптасындағы бірінші матчында Италия құрамасын 3-0 есебімен жеңді.



Ұқсас жаңалықтар