Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1834601
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: террор ұйымына қарсы операция жасаймыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы жасалатын операцияға байланысты «Сирияның солтүстігінен Түркияға қарсы шабуыл жасалатын болса,онда біз тойтарыс береміз. Операциялар табандылықпен жалғасады» деп көрсетті.

Ватан газеті «Президент Ердоған шынар ағашын отырғызды» атты хабар жариялаған. Стамбул жеңісінің 569-шы жылдығы тойланды. Осы аяда президент Президент Режеп Тайып Ердоған  Түркияның ең үлкен және әлемнің 5-ші орнындағы саябағы Ататүрік әуежайы Ұлттық Бақшасының шынар ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Бірінші шынар ағашын президент Ердоған отырғызды.

Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрлігі: Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуыл халықаралық құқыққа қайшы» деген хабарға орын берген. Сыртқы істер министрлігі Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуылға байланысты «Израильдік депутат Ытамар Бен-Гвир мен ұшқары еврей топтар тарапынан Израиль полициясының қорғауындағы Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуыл халықаралық құқыққа қайшы» деді.

Йени Шафак газеті «Папа Ердоғанды мақтады» атты хабар жариялаған. Түркияның Ватикандағы өкілетті және төтенше елшісі Лүтфуллах Гөкташ президент Режеп Тайып Ердоғанның Украина-Ресей арасында келісімге баруға байланысты талпыныстарын Католиктердің рухани лидері және Ватикан басшысы Папа Фрацисктің мақтағанын айтты.

Хабер Түрік газеті «Шазие Ердоған: Мақсатым олимпиада ойындарында медаль алу» деген хабарға орын берген. Еуропа чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алған ұлттық спортшы Шазие Ердоған штанга көтеруде «Медалыма  жаңасын қосқым келеді. Әрбір спортшының арманы олимпиада ойындарында  медаль алу»деді.

 

.

 



Ұқсас жаңалықтар