Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1832814
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Калын: Нақты қадамдар басылмаса, процесс алға жылжымайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Финляндия және Швеция делегацияларымен өткен кездесулер туралы мәлімдеме жасаған Президенттік баспасөз хатшысы Ибрахим Калын «Түркияның қауіпсіздік мәселелері нақты қадамдар және бір күнтізбе негізінде орындалмайынша, бұл процестің алға жылжымайтынын анық айттық» деді.

Сабах газеті «Израильге елші тағайындала ма?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 15 жылдан кейін Израильге жасаған ресми сапарының артынан елші тағайындау тақырыбымен байланысты «Израильмен өзара елші тағайындау мәселесін Лапидтің Түркия сапарында талқылауға шешім қабылдадық» деді.

Хүррийет газеті «Министр Варанк: Еуропада 1-ші орындамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк Түркия болат өндірушілері қауымдастығының кезекті Жалпы кеңес жиналысында айтқан сөзінде «Түркия бүгін 40 миллион тонна болат өндірісімен Еуропада 1-ші, әлемде 7-ші орында тұр» деді.

Йени шафак газеті «Еуропалықтар Түркияда ем іздейді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия денсаулық туризмінде маңызды базаға айналды. Өткен жылы Түркияға 642 мың адам ем іздеп келсе, оның 400 мыңының еуропалық екені көңіл аударарлық. Түркия өткен жылы сауықтыру туризмінен 1 миллиард доллардан астам табыс тапты.

Ватан газеті «Түркияда маймыл шешегі вирусы бар ма?»атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда маймыл шешегі оқиғасы тіркелмегенін мәлімдеді. Кожа «Орынсыз алаңдаушылық болмау керек, аурудың пандемияға себеп болатынына сенбеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар