Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1829542
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «19 мамыр мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде үлкен ықыласпен тойланды» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Гази Мұстафа Кемал Ататүрік Анадолыда тәуелсіздік алауын жағу үшін Бандырма паромымен 1919 жылы 19 мамыр күні Самсунға келуінің 103 жылдығына орай Түркияның түкпір-түкпірінде еске алынды. Пандемияның артынан алаңдар толып жатса, Аныткабір Анкарадағы мерекелік іс-шаралардың орталығына айналды.

Стар газеті«PKK/YPG террор ұйымдарын қолдайтындарға «иә» деп айта алмаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік өтінішіне Түркияның вето қоюы туралы Президент Режеп Тайып Ердоған «PKK/YPG-ді қолдағандарға «иә» деп айта алмаймыз. Швеция толығымен террордың ұясына айналды. Бір ел «жоқ» деген кезде НАТО-ға қабылданбайды» деді.

Хүррийет газеті«Министр Чавушоғлу ынтымақтастыққа шақырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей мен Украинаның өндіріс және экспорт мүмкіндіктерінің азаюының жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап «Бұл соғыстың ашаршылық дағдарысын асқындырмауы үшін бізге халықаралық ынтымақтастық қажет» деді.

Сабах газеті «Сыртқы істер министрлігінен Грекияға «Понти» наразылығы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Грекия ресми мекемелері тарапынан негізсіз «Понти» айыптауларының жылдығын сылтауратып жасаған және тарихты толығымен бұрмалауға бағытталған сандырақ мәлімдемелерді мүлде қабылдамаймыз» делінді.

Хабер түрік газеті «Төртінші бұрғылау кемесі Түркияға келді» атты хабарға орын берген. Хабарға қарағанда Түркияның теңіздерде көмірсутек іздейтін флотына қосылатын төртінші бұрғылау кемесі Мерсиннің Ташуджу портына келді. Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Ташучу портында 2 айлық дайындық кезеңінен кейін біздің кеме алғашқы бұрғылау жұмыстарын бастайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар