Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1828743
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған көңіл айтуға барып келді» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің бұрынғы басшысы Шейх Халифа Бин Заид әл Нахаянның қайтыс болуына орай Абу-Дабиге барды.  Ол көңіл айту сапары шеңберінде БАӘ басшысы және Абу-Даби әмірі Шейх Мұхаммед бин Заид әл Нахаянмен кездесті.

Йени Шафак газеті «Байрактар TB2 Украинада ойынды өзгертті» деген хабарға орын берген.  Шамамен үш ай бұрын Ресей бастаған соғыста Украина армиясының қорғаныс желісінде түрік дроны Байрактар TB2 алға шықты.  Ағылшын баспасөзі соғыс басталған күннен бері Украинаның қорғанысында 800-ден астам шабуыл жасаған осы түрік әскери дрондарына орыс армиясының шағымданып отырғанын жазды.

Ватан газеті «Швеция және Финляндиядан Түркия мәлімдемесі» деген хабар жариялаған.  Финляндия президенті Саули Ниинисте Түркияның нарызылығына орай «Проблеманы шешеміз деп ойлаймыз» деді.  Швеция премьер-министрі Магдалена Андерссон да «Түркиямен сөйлесіп, барлық проблеманы шешуге дайынбыз» деді.

Сабах газеті «Түркия ірі қара және ұсақ мал санында Еуроодақ елдерінен асып түсті» деген хабар жариялаған. Еуропа Статистика кеңсесі Евростаттың деректеріне қарағанда, Түркия Еуропа Одағына мүше елдермен салыстырғанда ірі қара және ұсақ мал санында көш бастап келеді.

Стар газеті «Орыстар бірінші рет алда» деген хабарға орын берген. Түркияда орыстар салып алған үй саны сәуір айында былтырғы осы аймен салыстырғанда 186,6 пайыз артты.  Орыстар Түркиядан 1152 үй сатып алды.  Орыстар осылайша тұрғын үй саудасында шетелдіктер арасында бірінші рет алға шықты.



Ұқсас жаңалықтар