Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары.

1827370
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Чавушоғлұның Финляндия мен Швеция жайлы мәлімдемесі: Біз оларға қарсымыз, өйткені олар терроризмді қолдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысына барған Германияның бас қаласы Берлинде Финляндия мен Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге қарағанда «Финляндия мен Швецияның терроризмді қолдағаны үшін НАТО-ға қосылуына қарсымыз» деді.

Хабер түрік газеті «НАТО бас хатшысы Столтенберг Түркияға қатысты мәлімдеме жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швеция мен Финляндияның мүшелік ықтималына қатысты жасаған мәлімдемесінде НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «Түркия біздің маңызды одақтасымыз. Түркия кейбір алаңдаушылықтарын білдірді және НАТО-да әрқашан болғандай, алаңдаушылық болған кезде ортақ тіл таба алатынымызға сенімдімін» деді.

Стар газеті «ҰБҰ Кобаниде операция жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) Сирияның Айн-Әл Араб (Кобани) аймағында тығылған жерде «Хайри» лақапты PKK террор ұйымы мүшесі Экрем Устекті залалсыздандырды.

Йени Шафак газеті «Ресей туроператоры одағы Түркия туризмі туралы мәлімдеме жасады»» атты хабар жариялаған. Ресей туроператоры одағының Түркия туризмі туралы мәлімдемесінде Түркияның демалыс мүмкіндіктері керемет екені білдірілді. «Ресей туристтеріне деген мәмілелері өте жақсы» делінді.  

Хүрриет газеті «Үлкен яхта Бодрумда» деген хабарға орын берген. Мугланың Бодрум ауданы су айдынына әлемнің ең ұзын 22-ші яхтасы «Flying Fox» келді. Яхтаның ұзындығы 136 метр, ені 21 метр.

 



Ұқсас жаңалықтар