Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1826485
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркияның Париждегі Бас консулдығына шабуыл жасалды» деген хабарға орын берген. Түркияның Париждегі Бас консулдығына бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелері тарапынан шабуыл жасалды. Париж Бас консулдығына куәлігі әлі белгіленбеген адамдар тарапынан 12 мамыр түнгі сағат 02:30 мөлшерінде шабуыл жасалды. Шабуылда бас консулдық ғимаратының терезесі және қабырғалары зақымдалды.

Йени Шафак газеті «Ердоған: Токиода мақтандық, ендігі кезек Парижде» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған 2020 Токио Паралимпиада ойындарына 87 спортшы жіберіп, Түркияның Паралимпиада ойындарына ең көп спортшымен қатысқанын ел екенін білдірді. Түрік спортшыларының халықаралық чемпионаттарында ең көп медаль жинағанын түсіндірген Ердоған 2024 жылғы Париж олимпиадасында әрі спортшы саны, әрі жеңіп алған медаль санымен жаңа рекорд жаңартатынына сенемін» деді.

Хабер Түрік газеті «Түркияда азаматтық алу қымбаттады» деген хабарға орын берген. Түркия билігі жылжымайтын мүлік сатып алушы шетелдіктерге азаматтық алу бағасын 250 мыңнан 400 мың АҚШ долларына дейін көтерді. Ресми газеттің бүгіні санында президент Режеп Тайып Ердоғанның қол таңбасымен жарияланған үкім бойынша жылжымайтын мүлік сатып алушы шетелдіктерге азаматтық алу бағасын 250 мыңнан 400 мың АҚШ долларына дейін көтерді. Үкімнің бір айдан кейін іске қосылатыны білдірілді.

Стар газеті «Түркия мен Әзербайжан арасындағы үлкен жоба» деген хабар жариялаған. Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Түркия-Әзербайжан арасында Зенгезур темір жолы және автожолының іске қосылуымен Стамбулдан Қытайға дейін созылған бір дәліздің жүзеге асырылатынын білдірді. Зенгезур дәлізі әлеуметтік, экономикалық, геосаяси және геостратегиялық жақтан Әзербайжаннан бөлек Қытай мен Орталық Азияны, тіпті Арменияның да Еуропа және Тынық мұхитына жалғайды.

Сабах газеті «Шетелдік студенттер Стамбул әуежайына тәпті болды» атты хабарға орын берген. Ұлыбританияның Бирмингем қаласындағы «University College Birmingham» университетінде авиация және туризм саласында білім алып жатқан студенттер сапар үшін Стамбулда таңдады. Әлемнің түрлі елдерінен келген 60 студент Стамбул әуежайына тәнті болды.

 



Ұқсас жаңалықтар