Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1825258
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркия мен Қазақстан арасында 15 келісімге қол қойылды» деген хабар жариялаған.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға мемлекеттік сапармен келді.  Сапар барысында Түркия мен Қазақстан арасында транспорт, қорғаныс өнеркәсібі, әскери барлау, IT технологиялары, мәдениет, егіншілік, тасымал, сауда, кеден, қоршаған орта, жастар, коммуникация және мұрағат саласында келісімдерге қол қойылды.

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Ресей-Украина соғысы Түркі Мемлекеттері Ұйымының маңызын көрсетті» деген хабарға орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина соғысының Түркі Мемлекеттері Ұйымындағы ұйымшылдық пен ынтымақтастықтың маңызын тағы бір рет көрсеткенін айтты. Президент Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Түркі Мемлекеттері Ұйымымен қоса, БҰҰ, Ислам Ынтымақтастық ұйымы және Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы секілді платформаларда Түркия мен Қазақстан ұйымшылдығын жалғастыруға табанды екендерін айтты.

Сабах газеті «Түркияның жаңа шекара қақпасы – Ризе-Артвин әуежайы» деген хабарға орын берген.  Ризе-Артвин әуежайы халықаралық кіріп-шығуларға ашық тұрақты әуе шекарасы ретінде анықталды.  Әуежайы 14 мамыр күні президент Режеп Тайып Ердоған және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің қатысуымен ашылады.

Йени Шафак газеті «Әзербайжанда Технофест» деген хабар жариялаған.  Әлемдегі ең үлкен авиация, ғарыш және технология фестивалі Технофест Бакуде 26-29 мамыр күндері өтеді.  Бакудегі Ұлттық саябақта болатын фестиваль төрт күн бойы қонақтарына тамаша сәттер сыйлайды.

Стар газеті «Түркиядағы бор резерві әлемнің мың жылдық мұқтаждығын қамдай алады» деген хабарға орын берген.  ETİ кен басқару басқармасының басшысы Серкан Келешер Түркияда әлемнің бор резервінің 73 пайызы бар екенін білдірді.  Ол «Түркия ретінде жалғыз өзіміз әлемнің шамамен мың жылдық борын қамдай аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар