Түрік баспасөзіне шолу

Түрік баспасөзінің басты тақырыптары

1824654
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Ердоған: Үлкен және күшті Түркияның құрылуы үшін атсалысудамыз» деген хабарға орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған соғыстар, қақтығыстар, саяси және экономикалық дағдарыстар болған бір кезеңде Түркияның  көздеген бағыты бойынша алға қарай ілгерілегенін айтты. «Қазір әр салада дамыған, барлық достары мен бауырластарына жәрдем бере алатын бір Түркия бар» деген сөздер қолданған Ердоған «Үлкен және күшті Түркияның құрылуы үшін атсалысудамыз» деді.

Хүриет газеті «Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагері ханзада Салманның көңілін сұрады» атты хабар жариялаған. Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрегері  ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен телефонда сөйлесті. Әңгімеде Ердоған денсаулығын тексерту үшін ауруханада болған Сауд Арабиясының тақ мұрегері  ханзадасы Мұхаммед бин Салманның денсаулық жағдайы жайлы мағлұмат алды және оның көңілін сұрап, тезірек сауығып кетуін тіледі. Телефондағы әңгіме барасында Түркия-Сауд Арабиясы қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптар да қолға алынды.

Стар газеті «Швейцарияда террор жақтаушылары ұсталды» деген хабар жариялаған. Швейцарияның Базель қаласында алдынғы күні «23 сәуір Халықаралық балалар фестиваліне» қатысушыларға жасалған шабуылдаған сепаратист террор ұйымы PKK-ның бес жақтаушысы ұсталды. Базель кантоны полиция ұйымының интернет сайтындағы мәлімдемеде қала алаңында жасалған шабуылға полицияның араласып, түріктерге шабуыл жасаған 5 адамды ұстағаны білдірілді.

Йени Шафак газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігі маңызды мәлімдеме жасады» атты хабарға орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Терромен күресуде табандымыз. Ешкім алаңдамасын. Еуропаның дәл ортасында балаларға шабуыл жасап, аяусыз адам өлтірді. Біз қанды қолдардың көзін жоямыз» делінді.  

Сабах газеті «Түркия 106 елге су өнімдерін экспорт етті» деген хабар жариялаған. Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі балық және су өнімдері басқармасы төрағасының орын басары Мехмет Нури Йылмаз Түркияның теңіздері және су ресурстары тұрғысынан өте бай екенін айтты. Йылмаз «Түркия 106 елге су өнімдерін экспорт етті» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар